«Ақтөбе» ӘКК әлеуметтік облигацияларын шығару қарсаңында АХҚО Жасыл қаржы орталығынан екінші тараптың пікірі мен сертификатын алды «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы әлеуметтік алғаш рет облигацияларын шығару аясында Астана халықаралық қаржы орталығының Жасыл қаржы орталығынан екінші тараптың ресми бағасын алды. Қазақстанда орнықты қаржыландыруға басымдық беріп келе жатқан ұйым ретінде «Ақтөбе» ӘКК ЖҚО тарапынан сертификатпен марапатталды.
Салтанатты марапаттау рәсімі 29 мамырда Астанада өтті.
ЖҚО — Climate Bonds Initiative (CBI) және Халықаралық капитал нарықтары қауымдастығы (ICMA) тарапынан аккредиттелген тәуелсіз верификатор болып табылады. Орталық әлеуметтік облигациялардың сипаттамалары бойынша екінші тараптың пікірін ұсынып, «Ақтөбе» ӘКК-нің облигацияларына халықаралық әлеуметтік қаржыландыру стандарттарына толық сәйкес келетін «өте жоғары» рейтинг берді.
Бұл шығарылым Қазақстандағы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация тарапынан орналастырылатын алғашқы әлеуметтік және ESG тақырыбындағы облигациялар болмақ. Аталған қадам «Ақтөбе» ӘКК-нің орнықты даму мен ESG қағидаттарын қызметіне енгізу жолындағы нақты ұстанымын және әлеуметтік маңызы бар жобаларға қаржы тарту үшін нарықтық құралдарды пайдалануға деген ниетін айғақтайды. Әлеуметтік облигациялардан түскен қаражат Ақтөбе облысында жұмыс орындарын құру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жобаларын іске асыруға бағытталады.
СПК «Актобе» получила внешнюю оценку от Центра зеленых финансов МФЦА и готовится к дебютному выпуску социальных облигаций Социально-предпринимательская корпорация «Актобе» (СПК «Актобе») получила внешнюю оценку в формате мнения второй стороны от Центра зеленых финансов Международного финансового центра «Астана» в рамках подготовки к дебютному выпуску социальных облигаций. В знак признания лидерства и стратегической приверженности принципам устойчивого финансирования, СПК «Актобе» была удостоена сертификата ЦЗФ МФЦА.
Церемония награждения состоялась 29 мая в Астане.
ЦЗФ МФЦА аккредитован в качестве верификатора международными организациями Climate Bonds Initiative (CBI) и Международной ассоциацией рынков капитала (ICMA). Центр предоставил мнение второй стороны по социальным характеристикам планируемого выпуска и присвоил облигациям СПК «Актобе» высокий рейтинг соответствия международным стандартам социального финансирования.
Планируемый выпуск станет первым в Казахстане случаем размещения социальных и ESG-облигаций, осуществляемым социально-предпринимательской корпорацией. Этот шаг подтверждает курс СПК «Актобе» на интеграцию принципов устойчивого развития и ESG-подхода в свою деятельность, а также использование рыночных инструментов для привлечения финансирования в социально значимые проекты. Средства, привлеченные в рамках размещения социальных облигаций, будут направлены на реализацию инициатив, направленных на создание рабочих мест и обеспечение продовольственной безопасности в Актюбинской области.
Источник: https://web.telegram.org/k/#@aqtobe_oblysy_akimdigi
Фото: с телеграма