«Таза Қазақстан»: облыста 168 мың көшет отырғызылады «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына өңірдің 112 мыңнан астам тұрғыны мен 2,6 мыңнан астам ұйым және кәсіпорын қатысты.
Экожобаның жүзеге асырылу барысы аймақ басшысы Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісі кезінде талқыланды.
Облыстың табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Исатай Еспағанбетов өз сөзінде, акция аясында 39 мыңға жуық аула тазартылып, мыңнан астам әлеуметтік нысан мен 260-қа жуық саябақ және скверлер абаттандырылғанын хабарлады. Сондай-ақ, 117 су айдыны мен 40 шақырымнан астам арық жағалауы тазартылды.
Әсіресе халықаралық құстар күні аясында өткен шараларға мектеп оқушыларының белсенді қатысқаны ерекше атап өтілді. Олар саябақтар мен қала көшелерінің бойында орналасқан тал-теректерге 1000-нан астам құсқа арналған ұя орнатты.
Облыс әкімі мұндай экологиялық бастамаларға мүмкіндігінше өңір тұрғындарын көп тартудың маңызды екенін тілге тиек етті.
«Таза Қазақстан» акциясы – бұл бір реттік тазалау ғана емес, экологиялық мәдениетті қалыптастырудың кешенді жүйелі тәсілі. Қоршаған ортаға деген тәртіп пен тазалықты әр адам өзінің жеке жауапкершілігі екенін түсінуі тиіс. Экожобалар аясында оң нәтижелер бар, бірақ жұмыс істеу керек әлсіз тұстар да жетерлік»,— деді өңір басшысы.
Исатай Еспағанбетов өз сөзінде бизнестің және көппәтерлі үйлерді басқарушы компаниялардың экоакцияға деген немқұрайлығына назар аударды. Осыған байланысты кәсіпкерлік басқармасы мен «Атамекен» палатасына түсіндіру жұмыстарын жандандыру және бизнесті экожобаға тарту тапсырылды. Сондай-ақ, жиында рұқсат етілмеген қоқыс полигондарын жою мәселелері қаралды.
Облыс әкімі қоқыс ошақтарын жою қарқынын жеделдетуді тапсырды және рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері жиі пайда болатын жерлерде бейнебақылау орнату қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, көгалдандыру мәселелері де айтылды. Бес жылдық жоспар аясында 2025 жылы 168 000 көшет отырғызу жоспарлануда, оның 43 926 бүгінгі күнге дейін егілді. Қалған жасыл желектерді егу күз айында жалғастырылмақ. Көшеттер елдімекендер және қалалардың шеткі аумақтарына отырғызылады, осылайша «жасыл белдеу» қалыптастыру жоспары бар. Өңір басшысы жергілікті жерлердегі әкімдерге ағаштарға күтім жасау жұмыстарын күшейтуді және қалған жасыл желектің уақытылы отырғызылуын қамтамасыз етуді тапсырды. Ал, дендрологиялық карталарды әзірлеу және іске асыру жөніндегі іс-шараларды тиісті деңгейде орындамағаны үшін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелеріне жетекшілік ететін Алға және Әйтеке би аудандары әкімдерінің орынбасарлары сөгіс алды.
Сонымен қатар, Асхат Шахаров «Таза Қазақстан» телеграм-ботының мүмкіндіктерін дәріптеудің маңыздылығына назар аударып, мемлекеттік мекемелерге кіре берісте қол жетімді QR-кодтарды орналастыруды тапсырды. Ол сондай-ақ ең үздік аулалар, ұйымдар, басқарушы компаниялар арасында конкурстар өткізу идеясын қолдап, мұндай бастамалар тұрғындарды қоршаған ортаға қамқорлық жасауға ынталандыратынын атап өтті.
«Экологиялық тәрбие жеке мысалдан басталады. Біздің үйдегі, ауладағы, аудандағы тазалық-бұл аймақтың болашағына қосқан ортақ үлесіміз. Мен әрбір тұрғынды, сондай-ақ кәсіпорындар мен бизнес – қоғамдастықты шетте қалмай «Таза Қазақстан» жобасына қатысуға шақырамын»,— деді облыс әкімі өз сөзін қорытындылады.
«Таза Қазақстан»: В Актюбинской области посадят 168 тысяч саженцев
В экологической акции «Таза Қазақстан» приняли участие свыше 112 тысяч жителей региона и более 2,6 тысяч организаций и предприятий. Ход реализации экопроекта обсудили на аппаратном совещании под председательством акима области Асхата Шахарова.
Руководитель управления природных ресурсов и регулирования природопользования области Исатай Еспаганбетов сообщил, что в рамках акции было очищено почти 39 тысяч дворов, благоустроено более тысячи социальных объектов и порядка 260 парков и скверов. Также очищены берега 117 водоемов и более 40 км арыков.
Особо было отмечено участие школьников в рамках Международного дня птиц, которыми было установлено свыше 1000 скворечников в парках и на улицах населенных пунктов. Аким области подчеркнул важность привлечения к экологическим инициативам как можно большего числа жителей региона.
«Акция «Таза Қазақстан» — это не разовая уборка, а комплексный подход к формированию экологической культуры. Каждый должен понимать свою ответственность за чистоту и порядок на местах. Мы видим положительные результаты, но также есть и слабые места, над которыми нужно работать»,-отметил глава региона.
В то же время Исатай Еспаганбетов обратил внимание на пассивность бизнеса и управляющих компаний многоквартирных домов. В связи с этим управлению предпринимательства и палатe «Атамекен» было поручено активизировать разъяснительную работу и вовлекать бизнес в проект. На совещании также рассмотрели вопросы ликвидации несанкционированных свалок.
Аким области поручил ускорить темпы ликвидации мусорных очагов и подчеркнул необходимость установки видеонаблюдения в местах, подверженных образованию несанкционированных свалок. Также были подняты вопросы озеленения. В рамках пятилетнего плана в 2025 году планируется высадить 168 000 саженцев деревьев, из которых на сегодняшний день высажено 43 926. Оставшиеся зеленые насаждения планируется высадить осенью. Саженцы будут посажены в населенных пунктах и на окраинах городов, таким образом предусмотрено формирование «зеленого пояса». Глава региона поручил акимам на местах усилить работу по уходу за уже высаженными деревьями и обеспечить своевременную посадку оставшегося объема. А за невыполнение мероприятий по разработке и реализации дендрологических карт заместители акимов Алгинского и Айтекебийского районов, курирующие вопросы жилищно-коммунального хозяйства, получили выговор.
Кроме того, Асхат Шахаров акцентировал внимание на важности популяризации возможностей телеграм-бота «Таза Қазақстан» и поручил разместить QR-коды с доступом к нему на входах в государственные учреждения. Также он поддержал идею проведения конкурсов среди лучших дворов, организаций, управляющих компаний, подчеркнув, что подобные инициативы стимулируют жителей заботиться об окружающей среде.
«Экологическое воспитание начинается с личного примера. Чистота в нашем доме, дворе, районе – это наш общий вклад в будущее региона. Я призываю каждого жителя, а также предприятия и бизнес-сообщество не оставаться в стороне и принять участие в проекте «Таза Қазақстан»,– с такими словами аким области обратился к жителям региона.
Источник: https://web.telegram.org/k/#@aqtobe_oblysy_akimdigi
Фото: с телеграма