Ақтөбеде биыл демеушілердің қолдауымен 11 қоғамдық кеңістік абаттандырылып жатыр.
Шаһарымыздағы ірі кәсіпорындар қала әкімі Азамат Бекеттің Ақтөбені абаттандыруға үлес қосу туралы үндеуін қабыл алып, бос жатқан аумақтарда шағын аллеялар мен скверлер жасауды қолға алды.
Соның бірі — М.Маметова көшесінің бойындағы “Керуен” ойын-сауық, сауда орталығына қарсы беттегі бос жатқан 30 соток учаске. Бұл жерді абаттандыруды “Алихан ОЙЛ 3” ЖШС міндетіне алды. Компания басшылығына қала әкімі өсіп тұрған ағаштарға тимей, тұрғындарға қолайлы алаң етіп жайластырып беруді тапсырды.
«Біз қала әкімінің ұсынысын қабылдап, отбасымыздың және өз компаниямыздың атынан Ақтөбеге сыйлық жасауды ұйғарып, өз қаражатымызға сквер салып жатырмыз. Жұмысты бастағанымызға бір ай уақыт өтті. 1000 квадрат жерге жаяу жүргіншілер үшін брусчатка, 900 квадрат автотұрақ, заманауи орындықтар, светильниктер қойылып, жарықтандырылады. Сондай-ақ 2,500 квадратқа газон егеміз, ағаш түрлерін, гүлдер отырғызамыз. 17 метр тереңдіктер скважина қазып, су шығардық, тұрбалар орнатып, суару жүйесін тартып жатырмыз. Осы жұмыстар аяқталған соң бұл скверге “Отбасы” деген архитектуралық форма қоямыз. Бұл тұрғындардың отбасымен уақыт өткізетін жері болады. Бір жыл бойы өзіміз күтіп ұстаймыз. Содан кейін осы жерде тұратын тұрғындарға тапсырамыз, сындырып бүлдірмеуін қарап тұрғандары керек. Тұрғындардың ауызбіршілігі мол екен. Біздің жұмысымызды қолдап жатыр», — деді “Алихан ОЙЛ 3” ЖШС директоры Зұлқожа Қожаев.
В Актобе при поддержке спонсоров благоустраивается 11 общественных пространств
В этом году в Актобе при поддержке спонсоров благоустраивается 11 общественных пространств. Крупные предприятия города приняли призыв акима Азамата Бекета внести вклад в преображение Актобе и приступили к созданию небольших аллей и скверов на пустующих территориях.
Один из таких участков — 30 соток свободной земли напротив торгово-развлекательного центра «Керуен» по улице М. Маметовой. За его благоустройство взялось ТОО «Алихан ОЙЛ 3». Аким города поручил руководству компании не трогать растущие деревья и обустроить на этом месте комфортную зону отдыха для жителей.
«Мы приняли предложение акима города и решили сделать подарок Актобе от имени нашей семьи и компании, строим сквер за собственные средства, — рассказал директор ТОО «Алихан ОЙЛ 3» Зулкожа Кожаев. — Работы начались месяц назад. На 1000 квадратных метрах будет уложена брусчатка для пешеходов, 900 квадратных метров отведено под парковку. Также будут установлены современные скамейки, светильники и проведено освещение. На 2500 квадратных метрах мы посадим газон, различные виды деревьев и цветов. Мы вырыли скважину глубиной 17 метров, обеспечили подачу воды, устанавливаем трубы и прокладываем систему полива. После завершения всех работ в этом сквере будет установлена архитектурная форма под названием «Отбасы» (Семья). Это будет место, где жители смогут проводить время со своими семьями. В течение года мы будем сами ухаживать за ним. Затем передадим его жителям, проживающим здесь, чтобы они бережно к нему относились и не допускали порчи. Жители демонстрируют большое единство и поддерживают нашу работу».

Источник: https://www.instagram.com/aqtobe_akimat/reel/DKvAn0_gCy1/
Фото: с интернета