Ақтөбеде Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі жоғары деңгейде атап өтілді Мерекенің басты салтанаты «Қазақ халқына мың алғыс» стеласының жанында өтті. Балалар мен олардың ата-аналары үшін шығармашылық және ойын-сауық алаңдары ұйымдастырылды. Алаң ертемен көңілді әуенге, көтеріңкі көңіл-күйге толы атмосфераға орнады. Балғындар түрлі байқауларға, ойындар мен көрмелерге қатысты. Мерекелік іс-шараға қатысқан аймақ басшысы Асхат Шахаров, балалар мен ата-аналарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады.
«Жаздың алғашқы күнінде ең маңызды мерекелердің бірі – Балаларды қорғау күнін атап өтеміз. Әр ата-ана үшін ең үлкен бақыт – баласының адал, еңбекқор, саналы азамат болып өскенін көру. Ал мемлекет алдындағы басты міндет – еліміздің ертеңі болатын білімді, дені сау әрі отаншыл ұрпақты тәрбиелеуге барлық жағдай жасау. Бүгінгі балалар – ертеңгі ел тірегі. Әр бала мейірім мен махаббатқа, қамқорлыққа бөленсін»,– деді Асхат Шахаров құттықтау сөзінде.
Өңір басшысы балаларға мықты денсаулық, бақытты балалық шақ, жарқын әсерлер, сенімді достар мен үлкен жетістіктер тіледі. Сонымен қатар, ата-аналар, мұғалімдер және бүкіл қоғамның қолдауы арқылы өсіп келе жатқан ұрпақ өз елінің лайықты азаматы болып қалыптасатынына сенім білдірді.
Мереке мазмұнды бағдарламамен жалғасын тапты. Әр ұйым алуан тақырып бойынша арнайы алаң әзірледі: колледждер мен техникалық шығармашылық орталығы робототехника және модельдеу саласындағы жетістіктерін көрсетті, оқушылар өздерінің ғылыми және шығармашылық жобаларын таныстырып, қонақтардың үлкен қызығушылығына ие болды. Көркемсурет лицейі жас қылқалам иелерінің жұмыстарынан көрме ұйымдастырды. Балалар ашық аспан астында сурет салып, өз өнерлерін ортаға салды.
Музыка мектептерінің оқушылары сахнада ән-жырдан шашу шашып, хореография студияларының тәрбиеленушілері өздерінің жарқын би нөмірлерін ұсынды. Әсіресе бүлдіршіндердің жарысы мен арбалар шеруі көпшілік қызығушылығын туғызды.
Полиция қызметкерлері мен құтқарушылар кішкентай қонақтарды өз мамандықтарының ерекшеліктерімен таныстырды. Сондай-ақ, құқық қорғау органдары мен төтенше жағдайлар қызметінің арнайы техникасы мен жабдықтарының көрмесі ұйымдастырылды.
Ал сахна төрінде түрлі қосымша және жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары мен тәрбиеленушілері қатысқан әсерлі мерекелік концерт өтті. Көрермендер Қазанғап атындағы өнер мектебі, Қ. Жұбанов атындағы музыкалық колледж, №1 және №3 балалар музыка мектептері, «Саз» студиясы, сондай-ақ «Media pro», «MEGA STARS», «Тұран» орталықтарының дарынды бүлдіршіндерінің өнерінен ерекше әсер алды. Концерт көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, мерекенің сәнін келтірді.
В Актобе ярко и масштабно прошло празднование Международного дня защиты детей.
Праздничные мероприятия развернулись возле стелы «Қазақ халқына мың алғыс», где для детей и их родителей были организованы творческие, технические и развлекательные площадки. С раннего утра здесь звучал смех, музыка и радость. Дети смогли поучаствовать в разных конкурсах, играх и выставках.
Глава региона Асхат Шахаров принял участие в праздничном мероприятии и поздравил детей и их родителей с Международным днем защиты детей.
«В этот первый день лета мы отмечаем один из самых важных праздников – Международный день защиты детей. Самое большое счастье для каждого родителя видеть, как их дети вырастают достойными, честными и трудолюбивыми людьми. А главная задача государства – создать все условия для воспитания образованного, здорового и патриотичного поколения, которое в будущем возьмет на себя ответственность за страну. Сегодняшние дети – это будущая опора нашего государства. Пусть каждый ребенок будет окружен заботой, вниманием и любовью», подчеркнул Асхат Шахаров в своем выступлении.
Аким пожелал детям крепкого здоровья, счастливого детства, ярких впечатлений, верных друзей и больших достижений. Также выразил уверенность, что при поддержке родителей, учителей и всего общества подрастающее поколение вырастет достойными гражданами своей страны.
Праздник продолжился насыщенной программой. Каждая организация оформила свою тематическую площадку: колледжи и центр технического творчества демонстрировали достижения в робототехнике и моделировании, школьники представили свои творческие и научные проекты, вызывая большой интерес у гостей мероприятия. Художественный лицей оформил выставку работ своих воспитанников. Дети также увлеченно рисовали под открытым небом.
Учащиеся музыкальных школ выступали на импровизированной сцене. Воспитанники хореографических студий демонстрировали свои яркие танцевальные номера на отдельных площадках.
Особое внимание привлекли забег малышей и парад ярко оформленных детских колясок, сделанных с любовью целыми семьями.
Полиция и спасатели знакомили маленьких гостей праздника с особенностями своей профессии. Также была организована выставка спецтехники и оборудования правоохранительных органов и службы ЧС.
На главной сцене развернулся яркий праздничный концерт, в котором приняли участие учащиеся и воспитанники различных учреждений дополнительного и общего образования. Зрители смогли насладиться выступлениями талантливых ребят из Школы искусств имени Казангапа, Актюбинского музыкального колледжа им. К. Жубанова, Детских музыкальных школ №1 и №3, Детской студии «Саз», а также центров «Media pro», «MEGA STARS», «Туран». Концерт подарил всем присутствующим море положительных эмоций и стал настоящим украшением праздника.
Источник: https://web.telegram.org/k/#@aqtobe_oblysy_akimdigi
Фото: с телеграма