В Актюбинской области завершают весенне-полевые работы

Облыста көктемгі егіс жұмыстары аяқталуға таяу   Өңірде көктемгі дала жұмыстары аяқталып келеді. Биыл егіс жұмыстары жалпы көлемі 620,6 мың гектар алқапта жүргізілуде.  

Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне сәйкес, бүгінге дейін 593 мың гектар алқапқа дән егілді, бұл жоспарланған көлемнің 96%-ін құрап отыр. Оның ішінде 417,7 мың гектарға дәнді-дақыл, 103,7 мың гектарға жемшөп, 66,9 мыңына майлы дақылдар себілді. Картоп 2,3 мың гектарға, көкөністер 1,8 мың гектарға, ал бақша дақылдары 0,6 мың гектарға егілді.    Ауа–райы қолайлы болса, егіс науқаны алдағы екі-үш күнде аяқталады деп күтілуде.   Диқандардың жұмысында іркіліс болмасы үшін 6,2 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін отын құнының бір литрі 253 теңгені құрады, бұл нарықтық бағадан 15% - ға төмен. Жанар-жағармаймен қамтамасыз етуде үзілістер жоқ.

Егіс жұмыстары үшін 1,5 мың трактор, 100-ден астам заманауи егіс кешені, 1,4 мың сепкіш және 1,5 мың бірлік топырақ өңдеу техникасы тартылды.   Сонымен қатар, жыл басынан бері шаруалар 6,5 млрд теңгеге 504 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды. Оның ішінде 192 трактор, 10 комбайн және 302 өзге де техника. Қазір өңірдегі машина-трактор паркінің жаңаруы 2,5%-ті құрады.  

Ауыл шаруашылығы құрылымдарын қолдау үшін жергілікті бюджеттен өсімдік шаруашылығын субсидиялауға 1,3 млрд теңге бөлінді. Сондай–ақ, «Кең дала-2» бағдарламасы аясында көктемгі егіс жұмыстарын «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және «Ақтөбе» ӘКК арқылы жылдық 5% — бен несиелеу жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда 5,8 млрд теңге сомасына өтінімдер мақұлданып, оның ішінде 5,2 млрд.теңгесі берілді. Ал, «Ақтөбе» ӘКК арқылы 991,5 млн. теңге бөлінді.   Облыстың аграрлық секторы тұрақты түрде оң динамиканы көрсетіп отыр, ал егіс науқанының барысы жергілікті шаруашылықтардың дайындығы мен ұйымдастырылуы деңгейінің жоғары екенін көрсетеді.

В Актюбинской области завершают весенне-полевые работы   В регионе подходит к завершению посевная кампания. В этом году весенне-полевые работы проводят на площади 620,6 тыс. гектаров.

По информации управления сельского хозяйства на начало июня засеяно уже 593 тыс. гектаров, что составляет 96% от запланированного объема. В том числе зерновыми культурами занято 417,7 тыс. гектаров, кормовыми — 103,7 тыс. гектаров, масличными — 66,9 тыс. гектаров. Картофель посажен на 2,3 тыс. гектарах, овощи – на 1,8 тыс. гектарах, бахчевые культуры — 0,6 тыс. гектарах.   Ожидается, что при сохранении благоприятных погодных условий посевная кампания завершится в течение ближайших двух–трех дней.   Для обеспечения бесперебойной работы аграриев было выделено 6,2 тыс. тонн удешевленного дизельного топлива. Стоимость отпуска топлива для сельхозпроизводителей составила 253 тенге за литр, что на 15% ниже рыночной цены. Перебоев с обеспечением ГСМ не возникло.

В посевной задействованы 1,5 тыс. тракторов, более 100 современных посевных комплексов, 1,4 тыс. сеялок и 1,5 тыс. единиц почвообрабатывающей техники.   Кроме того, с начала года аграрии приобрели 504 единицы сельскохозяйственной техники на сумму 6,5 млрд тенге. В том числе 192 трактора, 10 комбайнов и 302 единицы прочей техники. Обновление машинотракторного парка в регионе составило 2,5%.  

Для поддержки сельхозформирований из местного бюджета выделено 1,3 млрд тенге на субсидирование растениеводства. Также в рамках программы «Кең дала–2» осуществляется кредитование весенне-полевых работ через АО «Аграрная кредитная корпорация» и СПК «Актобе» под 5% годовых. На сегодняшний день одобрены заявки на сумму 5,8 млрд тенге, из них уже выдано 5,2 млрд. Через СПК «Актобе» выделено 991,5 млн тенге.   Аграрный сектор области стабильно демонстрирует положительную динамику, а ход посевной кампании в очередной раз подтверждает высокий уровень подготовки и организованности местных хозяйств.


Источник: https://web.telegram.org/k/#@aqtobe_oblysy_akimdigi
Фото: с телеграма

Опубликовано:
Время: 13:38
Рубрика: Новости
Категория: Актобе