Ақтөбе облысының 9 ауданында шегірткелерді улау жұмыстары жүріп жатыр Облыс басшысы Асхат Шахаров жауапты мекеме өкілдеріне фитосанитарлық мониторингті күшейтуді тапсырды.
Сала мамандары көршілес өңірлермен жедел ақпарат алмасып, зиянкестердің егістіктер мен шабындық алқаптарына өтуіне жол бермеудің шарасын қарастырып жатыр. Шалқар ауданында 23200 гектар жерді шегіртке жайлаған. Қазір бұл алқаптарда түрлі техниканың көмегімен химиялық өңдеу жұмыстары жүріп жатыр. Жанболат Жидеханов, Шалқар ауданының әкімі:
УАЗ көлігімен улау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар бір «Град» автокөлігі бар. Міне, әуежайда тұрмыз. Қазір АН-2 ұшағы келді. Сонымен қатар қосымша екі УАЗ көлігі келді. Жалпы аудан бойынша 92 адам жұмылдырылды.
Биыл көктемгі ауа райының жайлы болуы зиянкестердің ерте шығуына сеп болған. Сондықтан анықтаушылар жер-жерді аралап, шегіркенің ошағын іздеуге кіріскен. Берікбай Құдайбергенов, Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы басшысы:
Шалқар ауданы Кішіқұм ауылдық округі мен Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қосаман ауылдық округінің шекаралас елдерінде үйірлі шегірткелердің таралуын анықтау мақсатында зерттеу жұмыстарын жүргізгенбіз. Бұл жерлерде ешқандай шегірткенің таралғаны анықталған жоқ.
Облыста шегірткеге қарсы химиялық өңдеуге қажетті аэрозоль генераторлармен жабдықталған 11 арнайы техника, 55 бүріккіш пен 6 АН-2 ұшағы бар. Қазір өңірде улау жұмыстарымен қатар зиянкестердің ошағын анықтау жұмыстары да жүріп жатыр. Жалпы саяқ шегірткемен күреске жергілікті бюджеттен 450 млн теңге бөлінді. Асылхан Абтиев, ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекция басшысы:
Қазіргі уақытта облыста қажетті көлемде анықтаушылар бар. Олардың саны 800-ден астам адам бар. Сондықтан ешқандай қазір кедергі, мәселе жоқ. Жұмыс штаттық режимде жүргізіліп жатыр.
Биыл Ақтөбе облысында 513 мың гектарды шегірткеге қарсы өңдеу жоспарланған. Бұл жұмыстар Алға, Әйтеке би, Ырғыз, Қобда мен Мәртөк, Темір мен Байғанин, Ойыл және Шалқар аудандарында жүріп жатыр. Қазіргі таңда 62 мың гектар алқапқа у шашылды.
В девяти районах Актюбинской области проводят обработку против саранчи В девяти районах Актюбинской области проводят обработку против саранчи. Там усилили фитосанитарный мониторинг, чтобы не допустить распространения вредителей на посевные площади. Специалисты будут обмениваться информацией с соседними регионами, сообщает «24KZ».
В Шалкарском районе саранчу обнаружили на площади 23 тысячи 200 гектаров. Территорию уже начали обрабатывать. Для этого применяют наземную технику и самолёты. Жанболат Жидеханов, аким Шалкарского района:
Обработка территорий проводится с использованием автомобиля УАЗ. Также из областного центра прибыл самолёт АН-2, и ещё дополнительно два автомобиля УАЗ. В целом в районе задействовано 92 человека.
Тёплая весна в этом году способствовала раннему появлению саранчи. Поэтому специалисты проводят обследование территорий для выявления очагов её распространения. Берикбай Кудайбергенов, руководитель Республиканского методического центра фитосанитарной диагностики и прогнозов:
Мы провели обследование территории сельского округа Кишикум Шалкарского района , который граничит с округом Косаман Аральского района Кызылординской области с целью выявления очагов распространения стадной саранчи. В указанных местах она не выявлена.
Всего в обработке территорий от вредителей задействовали 11 специализированных машин, оснащённых аэрозольными генераторами, 55 единиц наземной опрыскивающей техники и 6 самолётов Ан-2. Асылхан Абтиев, руководитель Областной территориальной инспекции Комитета госинспекции АПК МСХ РК:
В целом работа ведётся по плану, никаких проблемных моментов на сегодняшний день нет. Работа находится в активном, скажем так, состоянии. К мониторинговым работам привлечены более 800 человек, которые на ежедневной основе мониторят распространение саранчовых вредителей.
В этом году против саранчи планируют обработать 513 тысяч гектаров. Работы уже провели на площади 62 тысячи гектаров.
Источник: https://web.telegram.org/k/#@aqtobe_oblysy_akimdigi
Фото: с телеграма