В ходе поездки Асылбек Есенбаев проверил ход модернизации железнодорожного вокзала и благоустройства прилегающей территории в селе Карауылкельды Байганинского района

Сапар аясында Асылбек Есенбаев Байғанин ауданының Қарауылкелді ауылындағы теміржол вокзалында жүргізіліп жатқан жаңғырту және вокзал маңын абаттандыру жұмыстарын тексерді. Бұл жұмыстар ҚР Үкіметінің тапсырмасына сәйкес «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ тарапынан жүзеге асырылуда. Жалпы облыс бойынша Ақтөбе, Қандыағаш, Шалқар, Алға, Жем қалалары мен Қарауылкеді және Шұбар ауылындағы жеті вокзал қайта жаңартылмақ.

Облыс әкімінің орынбасары мердігер ұйымдарға инженерлік-коммуникациялық жүйелерді (жылыту, сумен жабдықтау, жарықтандыру) қайта жаңарту, жолаушылар платформаларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мүгедектігі бар азаматтарға қолжетімділікті толық қамтамасыз ету секілді маңызды мәселелерге баса назар аударуды тапсырды. Сондай-ақ, Қарауылкелді ауылындағы Барақ батыр, Жазықов және Қонаев көшелеріндегі жол жөндеу сапасы мен өрт сөндіру бекетінің құрылысы тексерілді.

В ходе поездки Асылбек Есенбаев проверил ход модернизации железнодорожного вокзала и благоустройства прилегающей территории в селе Карауылкельды Байганинского района. Работы реализуются по поручению Правительства РК АО «НК «Қазақстан темір жолы». В целом по области планируется реконструкция семи вокзалов — в городах Актобе, Кандыагаш, Шалкар, Алга, Жем и в селах Карауылкельды и Шубар.

Заместитель акима области поручил подрядным организациям обратить особое внимание на обновление инженерно-коммуникационных систем (отопление, водоснабжение, освещение), обеспечение безопасности пассажирских платформ и полную доступность для лиц с ограниченными возможностями. Также были проверены качество ремонта дорог по улицам Барак батыра, Жазыкова и Конаева, а также строительство пожарного поста в селе Карауылкельды.


Источник: https://web.telegram.org/k/#@aqtobe_oblysy_akimdigi
Фото: с телеграма

Опубликовано:
Время: 13:15
Рубрика: Новости
Категория: Актобе