Темір ауданына сапарында А.Есенбаев Шұбарқұдық ауылындағы темір жол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстарымен және «Келешек мектептері» жобасымен бой көтеріп жатқан мектеп құрылысын бағамдады. Сапар қорытындысы бойынша Асылбек Есенбаев мердігер ұйымдарға барлық жұмыстарды белгіленген мерзімде және сапа талаптарына сай орындауды қатаң бақылауға алуды тапсырды.
«Темір жол вокзалдары – бұл облыс тұрғындары мен қонақтары үшін көлік қақпасы ғана емес, сондай-ақ өңірдің келбеті. Олардың қолайлы, қауіпсіз және заманауи болуы – басты міндетіміз»,
– деді Асылбек Есенбаев. Жөндеу жұмыстары 2025 жылдың екінші жартысында басталып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Жаңғыртылған вокзалдар жолаушыларға жайлы жағдай жасап, облыстың көлік инфрақұрылымын дамытуға тың серпін бермек.
В рамках визита в Темирский район А. Есенбаев ознакомился с реконструкцией железнодорожного вокзала в селе Шубаркудык и ходом строительства школы по проекту «Келешек мектептері». По итогам поездки Асылбек Есенбаев поручил подрядным организациям строго контролировать выполнение всех работ в установленные сроки и в соответствии с требованиями качества.
«Железнодорожные вокзалы — это не только транспортные ворота для жителей и гостей области, но и облик региона. Их удобство, безопасность и современность — наша главная задача»,
— отметил Асылбек Есенбаев. Ремонтные работы начнутся во втором полугодии 2025 года и будут реализовываться поэтапно. Обновлённые вокзалы создадут комфортные условия для пассажиров и придадут новый импульс развитию транспортной инфраструктуры области.
Источник: https://web.telegram.org/k/#@aqtobe_oblysy_akimdigi
Фото: с телеграма