Іс-шара барысында жұмыссыз азаматтарға және жұмыс табуда қиындық көріп жүрген тұлғаларға арналған арнайы бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді. Олардың қатарында түзеу мекемелерінен босатылғандар, пробация қызметінің есебінде тұрғандар және алимент төлеуден жалтарушылар бар. Жәрмеңкеге өңірдің 10 ірі мекемесі мен кәсіпорны қатысып, түрлі бағыттағы 89 бос жұмыс орнын ұсынды. Олардың ішінде ҚР ТЖМ Есет батыр Көкіұлы атындағы 20982 әскери бөлімі, Ақтөбе хром қосындылары зауыты, Қазақстан мұнай жабдықтары зауыты, «Ramazan Elevator» ЖШС және өзге де өндірістік және коммерциялық ұйымдар бар.
Ұсынылған мамандықтардың қатарында оператор, фрезерші, токарь, қытай тілі аудармашысы, бағбан, сапаны бақылау инженері, сметалық инженер, жүргізуші, слесарь, жүк тасушы, аймақтық директор және тағы басқа лауазымдар бар. Сондай-ақ жәрмеңке аясында Халықты жұмыспен қамту орталығының өкілдері жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді. Азаматтар қысқа мерзімді кәсіптік оқыту, мемлекеттік қайтарымсыз грант алу, сондай-ақ электронды еңбек биржасы www.enbek.kz порталына тіркелу мәселелері бойынша жан-жақты кеңес алды.
Бүгінде аталған порталда Ақтөбе қаласы бойынша 1067 бос жұмыс орны жарияланған. Мұндай іс-шаралар халықты жұмыспен қамтуға ынталандыруға, әлеуметтік осал топтарды қолдауға және қоғамда өнімді еңбек мәдениетін нығайтуға бағытталған.
В рамках мероприятия была проведена специализированная ярмарка вакансий для безработных граждан и лиц, испытывающих трудности в поиске работы. В их числе – граждане, освободившиеся из мест лишения свободы, состоящие на учете службы пробации, а также алиментные должники. В ярмарке приняли участие 10 крупных учреждений и предприятий региона, которые предложили 89 актуальных вакансий по самым разным направлениям. Среди них воинская часть 20982 имени Есет батыра Көкіұлы МЧС РК, Актюбинский завод хромовых соединений, Казахстанский завод нефтяного оборудования, ТОО «Ramazan Elevator» и другие производственные и коммерческие организации.
Среди предложенных профессий – оператор, фрезеровщик, токарь, переводчик китайского языка, садовник, инженер по контролю качества, инженер-сметчик, водитель, слесарь, грузчик, региональный директор и др. Также в рамках ярмарки представители Центра занятости провели информационно-разъяснительную работу по активным мерам содействия занятости. Граждане получили подробные консультации по вопросам краткосрочного профессионального обучения, получения государственных безвозмездных грантов, а также регистрации на портале электронной биржи труда www.enbek.kz.
На сегодняшний день на портале размещено 1067 актуальных вакансий по городу Актобе. Подобные мероприятия направлены на стимулирование трудоустройства, поддержку социально уязвимых категорий населения и укрепление культуры производительного труда в обществе.
Источник: https://web.telegram.org/k/#@aqtobe_oblysy_akimdigi
Фото: с телеграма