Макроэкономикалық 犀利士 көрсеткіштер мен негізгі бағыттар бойынша даму динамикасы туралы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Евгений Артыгалиев баяндама жасады. Мәліметтерге сәйкес, биылғы жылдың алты айының қорытындысы бойынша өңірдегі экономикалық өсім 104%-ды құрады. Негізгі салалардың барлығында өсім тіркелді. Өнеркәсіп өнімінің көлемі жарты жылда 1 392,5 млрд теңгені құрап, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,1%-ға артты. Тау-кен өндіру және өңдеу салаларында оң динамика байқалады. Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 107,3 млрд теңгеге жетіп, 2,9%-ға өсті. Бұл өсім егіншілік пен мал шаруашылығындағы көрсеткіштердің жақсаруымен байланысты.
«2025 жылдың бірінші жартыжылдығында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 508,9 млрд теңгені құрап, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 71,1%-ға артты. Инвестициялардың негізгі бөлігін өнеркәсіп, құрылыс, энергетика және инфрақұрылымдық жобаларға салынған жеке қаражаттар құрап отыр. Құрылыс жұмыстарының көлемі 21,8%-ға өсті, өңірде 376,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл жоспардан артық. Әлеуметтік нысандар, тұрғын үйлер мен инженерлік инфрақұрылымның құрылысы жалғасуда»,
– деді басқарма басшысының міндетін атқарушы.
Баяндамашының айтуынша, тауар айналымы 4,2%-ға өсіп, 1 085,2 млрд теңгені құрады. Өсімге көтерме және бөлшек сауда көлемінің артуы себеп. Көлік және логистика қызметтерінің көлемі 266,7 млрд теңгеге жетіп, өңірдің маңызды транзиттік торап ретіндегі мәртебесін дәлелдеді.
С докладом о макроэкономических показателях и динамике развития по основным направлениям выступил и. о. руководителя управления экономики и бюджетного планирования Евгений Артыгалиев. Согласно данным, по итогам шести месяцев текущего года экономический рост в регионе достиг 104%. Рост зафиксирован по всем основным отраслям. Объем продукции промышленности за полгода составил 1 392,5 млрд тенге, что на 1,1% больше, чем за аналогичный период прошлого года. Положительная динамика отмечается как в горнодобывающей, так и в обрабатывающей отраслях. Валовая продукция аграрного сектора выросла до 107,3 млрд тенге, показав прирост на 2,9%. Рост обусловлен улучшением показателей как в растениеводстве, так и в животноводстве.
«За первое полугодие 2025 года объем инвестиций в основной капитал составил 508,9 млрд тенге, что на 71,1% больше по сравнению с аналогичным периодом прошлого года. Основную долю обеспечили частные вложения в промышленность, строительство, энергетику и инфраструктурные проекты. Объем строительных работ вырос на 21,8%, в регионе введено 376,7 тысяч кв. м жилья, что больше запланированного. Продолжается строительство социальных объектов, жилых домов и инженерной инфраструктуры»,
— отметил и. о. руководителя управления. По информации докладчика, товарооборот вырос на 4,2% и составил 1 085,2 млрд тенге за счет роста оптовой и розничной торговли. Объем транспортно-логистических услуг достиг 266,7 млрд тенге, что подтверждает статус региона как ключевого транзитного узла.
Источник: https://web.telegram.org/k/#@aqtobe_oblysy_akimdigi
Фото: с телеграма