Білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева жаңа оқу жылында 6 жаңа мектеп ашылатынын хабарлады. Оның төртеуі — «Келешек мектептері» жобасы аясында, ал екеуі — жекеменшік мектептер. Сонымен қатар, 14 520 орынға арналған 31 білім беру нысанының құрылысы жүріп жатыр. Оның ішінде — 4 балабақша, 26 мектеп және 1 қосымша білім беру мекемесі. Бұған қоса, 1000 орындық мектеп жекеменшік инвестор есебінен салынуда. Қазіргі уақытта мектептерде 244 мұғалім жетіспейді. Бұл тапшылықты жоғары оқу орындары мен колледж түлектері есебінен жабу жоспарлануда. Тамыз айында мұғалімдерді жұмысқа тарту үшін облыс және аудан орталықтарында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізіледі.
Сондай-ақ, Бұлбұл Күзембаева биыл 4, 7, 8, 10 және 11-сыныптарға жаңартылған мазмұндағы оқулықтар енгізілетінін атап өтті. Оған 1,68 млрд теңге бөлініп, 13 баспамен 135 келісімшарт жасалды. Оқулықтарды жеткізу 25 тамызға дейін аяқталады. 17 білім беру мекемесінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, оған 5,36 млрд теңге қарастырылған. Оның ішінде 11 мектеп, 5 балабақша, 2 колледж және 1 қосымша білім беру мекемесі бар. Жөндеу жұмыстары 20 тамызға дейін аяқталуы тиіс. Тек Ембі қаласындағы №4 мектеп құрылысы ғана кейінге шегерілді. Оқушылар уақытша басқа мектептерге орналастырылады.
Мектептерді жабдықтауға облыстық бюджеттен 3,1 млрд теңге бөлінді. Былтырғы жылмен салыстырғанда пәндік кабинеттермен жабдықтау деңгейі 71%-дан 80%-ға өсті. Сонымен қатар, Жұмысшы мамандықтары жылы аясында 9 колледжге 898,9 мың теңге көлемінде қолдау көрсетілуде. ERG компаниясы Хромтау ауданындағы мектепті жабдықтауға 200 млн теңге бөлді. Оқушылардың қауіпсіздігі – басты назарда. Соңғы екі жылда осы мақсатта бюджеттен 1 млрд теңге бөлінді. 152 мектепке «Алақан» жүйесі орнатылып, ол «Әлеуметтік әмиян» платформасымен біріктірілді. Сондай-ақ, білім беру нысандарының санитарлық-эпидемиологиялық және өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі тексерілуде. Жылыту маусымына дайындық аясында ауыл мектептеріне қатты және сұйық отынмен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Бұл мақсатқа 807,6 млн теңге бөлінген. Қазіргі таңда отын жеткізілуде. Қазандықтардың жағдайы да тексерілуде: 58 нысанға қазандықтарды ауыстыру, 68 нысанға қосымша жабдық қажет. Бұл мақсатта 220 млн теңгеге бюджеттік өтінім берілді.
Руководитель управления образования Булбул Кузембаева проинформировала, что в новом учебном году откроются шесть новых школ: четыре в рамках проекта «Келешек мектептері» и две частные. Кроме того, идет строительство 31 образовательного учреждения на 14 520 мест, включая 4 детсада, 26 школ и 1 учреждение дополнительного образования. Также одна школа на 1000 мест возводится за счет средств частного инвестора. В настоящее время в школах не хватает 244 педагога. Однако есть надежда закрыть этот дефицит за счет выпускников вузов и колледжей. В августе с целью набора кадров пройдет ярмарка педагогических вакансий в городе и районах.
Булбул Кузембаева также сообщила, что в этом году вводятся учебники обновленного содержания для 4, 7, 8, 10 и 11 классов. На их приобретение выделено 1,68 млрд тенге. Заключено 135 контрактов с 13 издательствами. Поставка книг будет завершена до 25 августа. Проводятся капитальные ремонты в 17 объектах образования, на что выделено 5,36 млрд тенге. Приводят в порядок 11 школ, 5 детских садов, 2 колледжа и 1 учреждение допобразования. Работы подрядные организации обязаны завершить до 20 августа. Единственное исключение составляет школа № 4 в г. Эмба. До сдачи объекта учащиеся будут временно распределены по другим учреждениям города. На оснащение школ из областного бюджета выделено 3,1 млрд тенге. Стоит отметить, что в сравнении с прошлым годом оснащенность школ предметными кабинетами выросла с 71% до 80%. К тому же, в рамках Года рабочих профессий 9 колледжей получают поддержку на сумму 898,9 тыс. тенге. Также компания ERG выделяет 200 млн тенге на оснащение школы в Хромтауском районе.
В приоритете остается вопрос безопасности учащихся. За два года из бюджета на эти цели направлен 1 млрд тенге. В 152 школах установлены системы «Алақан», интегрированные с платформой «Әлеуметтік әмиян». Также ведутся работы по приведению образовательных организаций в соответствие с санитарно-эпидемиологическими и противопожарными требованиями. В рамках подготовки к отопительному сезону сельские школы обеспечиваются твердым и жидким топливом. На их закуп выделено 807,6 млн тенге. Поставки уже осуществляются. Вопрос стоит на контроле управления. Также проводится проверка котельного оборудования: 58 объектов нуждаются в замене, 68 в дополнительной комплектации. Подан бюджетный запрос на 220 млн тенге.
Источник: https://web.telegram.org/k/#@aqtobe_oblysy_akimdigi
Фото: с телеграма