Облыстық ТЖД бастығының орынбасары Айбат Жанабергенов өңірдегі өрт қауіпті маусымның негізгі көрсеткіштерімен таныстырды. Оның айтуынша, биыл облыс аумағында орман өрті, дала өрті және 1960 гектар аумақты шарпыған 48 құрғақ шөп жануы тіркелген.
Өңірде өрттермен күреске азаматтық қорғау күштері мен құралдары жұмылдырылған: 657 техника, 5 өрт пойызы және 3 329 қызметкер, сондай-ақ 1 912 адамнан тұратын 14 ерікті өртке қарсы құрылым бар. Дала өрттерінің алдын алу және сөндіру шараларына 993 млн теңге бөлінген, бұл былтырғымен салыстырғанда 5,5%-ға көп.
«2025 жылы «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында Мәртөк, Әлімбет, Сарат және Алтай батыр елді мекендерінде төрт жаңа өрт сөндіру бекеті құрылды. Қазіргі уақытта облыста осындай 80 бекет жұмыс істейді, олар 129 мыңға жуық тұрғыны бар 208 ауылды қамтиды. Бекітілген жоспарға сәйкес, 2028 жылдың соңына дейін тағы 26 өрт сөндіру бекетін ашу жоспарланып отыр. Бұл өңірдегі барлық елді мекендерді 100% өрт қауіпсіздігімен қамтуға мүмкіндік береді»,
— деді Айбат Жанабергенов.
Биыл департаменттің материалдық-техникалық базасы 14 арнайы өрт сөндіру көлігі және 8 қызметтік көлікпен толықты. Бұл ерікті құрылымдардың жарақтандырылу деңгейін 90%-ға дейін, ал өрт бекеттерінің техникалық жабдықталуын 66%-дан 80%-ға дейін жеткізді.
Халықтың ақпараттану деңгейін арттыру мақсатында ауқымды профилактикалық жұмыс жүргізілді: бұқаралық ақпарат құралдары мен телерадио бағдарламаларда 200-ден астам материал жарияланды, SMS-хабарламалар таратылды, сондай-ақ әлеуметтік желілер арқылы белсенді байланыс орнатылды.
Сонымен қатар, құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында 38 мобильді топ құрылып, олар 603 рейд жүргізген. Нәтижесінде 726 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның 184-іне 5,2 млн теңгеден астам айыппұл салынды.
Заместитель начальника ДЧС области Айбат Жанабергенов представил основные показатели пожароопасного сезона в регионе. По его данным, в этом году на территории области зарегистрированы лесные пожары, степной пожар и 48 возгораний сухой растительности, охвативших площадь в 1960 гектаров.
Для борьбы с пожарами в области задействованы значительные силы и средства гражданской защиты: 657 единиц техники, 5 пожарных поездов и 3 329 сотрудников, а также 14 добровольных противопожарных формирований, объединяющих 1 912 человек. На реализацию мероприятий по предупреждению и тушению степных пожаров выделено 993 млн тенге, что на 5,5% превышает прошлогодний бюджет.
«В 2025 году в рамках программы «Сельские спасатели» созданы четыре новых пожарных поста в населенных пунктах Мартук, Алимбет, Сарат и Алтай батыр. В настоящее время в области функционирует 80 таких постов, которые охватывают 208 сел с общим населением около 129 тысяч человек. По утвержденному плану, до конца 2028 года планируется открыть еще 26 пожарных постов, что позволит обеспечить 100%-ю противопожарную защиту всех населенных пунктов региона»,
— отметил Айбат Жанабергенов. В текущем году департамент пополнился 14 специализированными пожарными автомобилями и 8 служебными машинами, что позволило повысить уровень оснащенности добровольных формирований до 90%, а техническое обеспечение пожарных постов с 66% до 80%. Для повышения информированности населения проведена масштабная профилактическая работа: опубликовано более 200 материалов в СМИ и телерадиопрограммах, организованы SMS-оповещения, а также активное взаимодействие через социальные сети.
Кроме того, в целях профилактики правонарушений созданы 38 мобильных групп, которые провели 603 рейда. В результате административную ответственность понесли 726 человек, из них 184 были оштрафованы на сумму свыше 5,2 млн тенге.
Источник: https://web.telegram.org/k/#@aqtobe_oblysy_akimdigi
Фото: с телеграма