Президент биыл мемлекеттілігіміздің берік тірегі – Ата Заңымыздың қабылданғанына 30 жыл толатынын еске салды
– Негізгі заң біздің қоғам арқа сүйейтін басты қағидаттардан тұрады. Конституция арқылы заң мен тәртіптің үстемдігін қамтамасыз етіп, ауқымды өзгерістерді кезең-кезеңімен қолға алып жатырмыз. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне әрқайсысымыз үлес қосып келеміз. Бізді көк паспортымыз, реформалардың жасампаз қуатына деген ортақ мақсат пен мызғымас сенім біріктіреді. Қазақта «Туы бірдің – түбі бір, жолы бірдің – жүгі бір» деген сөз бар. Еліміздегі түрлі этнос өкілдері көк байрақтың астында тұтасып, тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Біздің мүддеміз де, жолымыз да, мұратымыз да – ортақ. Бұл – Әділетті, Қауіпсіз әрі Таза Қазақстанды құру. Осы береке-бірлігімізді сақтап, нығайта берсек, кез келген биікті бағындырамыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Содан кейін Президент оқуын үздік бітірген курсанттарға ту түбінде шен тапсыру жақсы дәстүрге айналғанын айта келіп, жас сарбаздарға сөз арнады.
– Көк байрақ жауынгерлерге айрықша күш-жігер береді, отаншылдық рухын көтереді. Осындай сәттерде әр азамат туған елге қызмет ету перзенттік парызы екенін терең ұғынады. «Тұлпар мініп, ту алған» жаужүрек батырлардың ұрпағы екенін сезінеді. Отан күзетінде тұрған ұландарымызды баһадүр бабалардың бүгінгі ізбасары деуге болады. Қастерлі Туымызды әрдайым тік ұстаңыздар! Мен бұған кәміл сенемін! Байрағымыз биікте желбіресін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!, – деді Мемлекет басшысы.
Ту көтеру рәсіміне мемлекеттік органдардың басшылары, Парламент депутаттары, Ұлттық құрылтай мүшелері, «Халық қаһарманы» мен «Қазақстанның Еңбек Ері» атағының иегерлері, жоғары әскери оқу орындарының курсанттары мен олардың туыстары қатысты.
Глава государства напомнил о том, что в этом году исполняется 30 лет Конституции – одной из прочных опор нашей государственности
– Основной закон содержит главные принципы, на которых зиждется наше общество. Следуя духу Конституции, мы утверждаем верховенство Закона и Порядка и шаг за шагом претворяем в жизнь масштабные преобразования. Каждый из нас вносит свою лепту в поступательный прогресс Казахстана. Нас объединяют бирюзовый паспорт, общие устремления и непоколебимая вера в созидательную силу реформ. Казахская пословица гласит: «Туы бірдің – түбі бір, жолы бірдің – жүгі бір» («У сплоченных одним знаменем – единый дух, у идущих одной дорогой – единая судьба»). Под небесно-голубым флагом нашей страны в мире и согласии живут представители разных этносов. У нас один путь, одна цель – строительство Справедливого, Безопасного и Чистого Казахстана. Лишь сохраняя и укрепляя наше единство, мы сможем добиться новых свершений,, – сказал Касым-Жомарт Токаев.
Далее Президент обратился к выпускникам военных учебных заведений, которым каждый год в День государственных символов вручают офицерские погоны.
– Доброй традицией стало вручение офицерских погонов лучшим курсантам под нашим небесно-голубым знаменем, которое воодушевляет и укрепляет патриотический дух воинов. В такие моменты каждый гражданин глубже осознает, что служение родной стране – это его сыновний долг, что он является потомком отважных батыров, доблестно защищавших нашу Родину. Военнослужащие, стоящие на страже рубежей государства, достойно продолжают славные традиции храбрых предков. Уверен, вы всегда будете высоко держать священный флаг нашей страны. Пусть гордо реет наш небесно-голубой стяг! Мира и благополучия нашей Родине! – пожелал Глава государства.
В мероприятии приняли участие руководители государственных органов, депутаты Парламента, члены Национального курултая, обладатели званий «Халық Қаһарманы» и «Қазақстанның Еңбек Ері», курсанты высших военных учебных заведений и их родственники.
Источник: https://web.telegram.org/k/#@aqtobe_oblysy_akimdigi
Фото: с телеграма