Темір ауданында 51 отбасы баспанамен қамтылады Көктемгі су тасқынында Темір ауданының Шұбарқұдық, Құмсай, Еңбекші және Шитүбек ауылдары зардап шегіп, 91 тұрғын үй мен кәсіпкерлік нысандарының ауласына су кірді. Бүгінгі күні материалдық шығынды анықтайтын комиссия шешімімен, төрт ауылдың 29 отбасына дайын баспана сатып алынса, жаңа 21 үй бой көтереді, 40 үйге жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Өңір басшысы Асхат Шахаров Темір ауданы Саркөл ауылдық округінің Құмсай ауылына барды. Мұнда су басқан үйлерді, әлеуметтік нысандарды аралады.