Ақтөбеде елде заңсыз жүрген алты шетелдік анықталды
Полиция қызметкерлері Ақтөбе облысы ҰҚКД Шекара қызметінің қызметкерлерімен бірге жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізу барысында Ауғанстан Ислам Республикасының алты азаматын анықтады, олардың үшеуі Қазақстан Республикасында көші-қон саласындағы заңнаманы бұза отырып, виза мерзімі өткеннен кейін елден кетпегені анықталды.
Тексеру кезінде аталған шетелдіктер елге 2023 жылғы қарашада жеке компаниялардың шақыруы бойынша "іскерлік" санаттағы визалар негізінде келгені анықталды.