Ақтөбеде студент дүкенде жалған электрондық чектерді көрсетіп, 50 мың теңге сомасына тауар алды.
Дүкен иесі полицияға азық-түлік ұрлау туралы өтінішпен жүгінді. Кәсіпкердің айтуынша, белгісіз адам азық-түлік сатып алып, сатушыға мобильді қосымшадан чек көрсеткен. Кейін белгілі болғандай чектер жалған болып шыққан. Залалдың жалпы сомасы 50 мың теңгені құрады.
"Anti fraund" жедел-іздестіру іс-шарасын өткізу барысында полицейлер 22 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады.
Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.