Автокөлік құжаттарын рәсімдейтінін айтып азаматтарды алдаған ақтөбелік ұсталды
Жаз айында 34 жастағы ақтөбелік әйел автоқұжаттарды рәсімдеуге көмек беретінін айтып алдап, бірнеше қала тұрғынының ірі көлемдегі ақшаларын иеленген. Жәбірленушілердің барлығы күдіктіні ортақ танысы арқылы тапқан.
Әйел қала тұрғындарының бірнешеуіне жүргізуші куәлігін алуға көмек беретінін айтып, жалпы сомасы 1.380.000 теңге көлеміндегі ақшаны иеленсе, енді бірде шетелдік есептегі екі автокөлігін тіркеуге қоюға көмектесемін деп 38 жастағы ақтөбеліктен 940.000 теңге алған.