Үй иесі екі ұрыны ұстап алды
Полицияның 102 телефонына Ақтөбе қаласындағы жеке үйлердің бірінің ауласынан екі ұрының ұсталғаны туралы хабарлама түсті. Шақыртуға келген полиция жасағына үй иесі жұмыстан үйіне келген кезде үйдегі терезелердің бірі сынғанын байқағанын, ал аулада бейтаныс екі адамның жүргенін көріп, оларды ұстап алғанын айтты.
Ұсталғандар бұрын сотталған 44 және 48 жастағы қала тұрғындары болып шықты. Олар үйден проектор, үтік, теледидар және алюминий ыдыс ұрламақ болған.