Ақтөбеде қырағы азаматтың арқасында ұрлықтың «ізі суымай» ашылды
16 қазанда 56 жастағы азамат Ақтөбе қаласы Кірпішті ауылында орналасқан жер үйлердің бірінің гаражынан мыс сымдар орамаларын жасырын ұрлаған.
Ұрлық оқиғасы сағат шамамен 15.00-15.40 аралығында болған және бұл кезде үй иесі дүкенге кеткен. Аулада ешкімнің жоқтығын байқаған қаскүнем гараждың есігін жұлқып ашу арқылы ішіне кіріп, салмағы бірнеше килограмды құрайтын мыс сымдар орамаларын өзімен бірге көтеріп алып көшеге шыққан.