29 жастағы ақтөбелік футбол жанкүйері матчқа билетсіз қалған. Танымал Instagram платформасында футбол ойынына билет сатылатыны, әрі билеттің бағасы ресми сайтқа қарағанда әлдеқайда арзан екенін туралы бірнеше хабарландыруды көрген ақтөбелік бірден сатушымен байланысып, банктік шотына төлем жасаған. Алайда, төлемді алғаннан кейін, алаяқ жарнаманы алып тастап, қоңырауларға жауап беруді тоқтатқан.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін де Ақтөбеде алаяқтардың бірі матчқа жалған билеттер сатқан болатын және жедел–іздестіру шаралары барысында полиция оны ұстады.