Ақтөбеде велосипед ұрлығы бейнебақылау камераларына түсті
Орталық базарда ұялы телефон сатушысының құбырға троспен бекітілген "Strim" спорттық велосипеді ұрланған. Жәбірленушінің айтуынша, ол бірнеше минутқа кетіп қалған, ал қайтып келгенде қос дөңгелекті көлігін таппай, полицияға арызданған.
Жедел іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері 19 жастағы жігітті анықтап, ұстады. Жас жігіт қылмысын мойындады. Велосипед иесіне қайтарылды.
Осы факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.