Актобе

Ақтөбеде автожолдардың жүріс бөлігін кеңейтіп тазалау, қар шығару, жол жиектері аймақтарын қатқан мұздақ пен қардан қырып тазалау жұмыстары жүргізілуде.
Бұл жұмыстар барлық көшелерде жүргізілуде. Елді мекеннің жолдарын кеңейту, су басу қаупі бар учаскелердегі көшелердің қарын шығару екі ауысымда жүргізіліп жатыр.

Категория: 

Батыр Әлияның 100 жылдығына арналған логотип бекітілді Логотипте Әлияның бейнесі, қазақтың ұлттық оюы мен «100 жыл» деген белгі ерекше үйлесім тапқан. Биыл Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл. Атаулы датаға орай мерейтойлық логотип бекітілді.

Логотип - батыр рухына деген тағзымның символы, оның есімін ұрпақ жадында мәңгі қалдырудың көрінісі болады дейді Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы.

Категория: 

«Көркем тіл - көрікті жарнама»: Ақтөбеде сапасыз жарнама мәтіндерін жою жұмыстары белсенді жүргізілуде  Өңірде мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту жұмыстары белсенді атқарылуда. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Амангелді Қонақбаев басқарманың 2024 жылы атқарған жұмыстарын қорытындылап, 2025 жылға арналған жоспарларымен бөлісті.

Категория: 

13 февраля к актюбинским чиновникам без приглашения пришли жители жилого массива Жанаконыс-4.

Жилой массив Жанаконыс-4, где проживает порядка 500 человек, расположен примерно в 10 км от областного центра. Многие учатся и работают непосредственно в Актобе, но добраться до города сельчанам непросто.

Категория: 

Өңір басшысы музейге келген оқушылармен де тілдесті. Жастарға патриоттық тәрбие беру, ел үшін жанын қиған батырлардың есімін дәріптеу өте маңызды екенін жеткізді.«Бүгін, міне, Әлия апамыздың музейін аралап, батырдың ерлік істері мен өнегелі өмірі туралы көп мағлұмат алдық. Сіздерге, жастарға, айтарым — өшпес ерліктің символы болған осындай батырларымызды ұлықтап, олардың ерлігі мен өмірінен үлгі алып, Отанын шексіз сүйетінпатриот болыңыздар.

Категория: 

Облыс әкімі Асхат Шахаров реэкспозияланған музей залдарын аралап шықты.  Музей жұмысымен және ондағы жәдігерлермен таныстырған мұражай директоры Жанар Мақсұтова қазір мұнда 11 мыңнан астам экспонат барын, алдағы уақытта қорды толықтыру және оның қызметін одан әрі жетілдіру басты міндет екенін жеткізді. Оның айтуынша, музей ғимараты 1987 жылы салынған. Бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан мұражайға былтыр жөндеу жүргізілген, сондай-ақ музей залдары реэкспозициядан өткен.

Категория: 

Ақтөбедегі қайта жөнделген Әлия музейі заманауи технологияларын таныстырды Бүгін Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде музей қызметіне және экпозицияларға енгізілген заманауи цифрлық технологияларды таныстыру рәсімі өтті. Бұл ауқымды шара Ұлы Жеңістің 80 жылдығы және Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орайластырылған.  Жаңа экспозицияның диорамаларында 3D-mapping, AR-технология, VR-көзілдірікті мультимедиялық технология, сандық сторителлинг, жасанды интеллект, голограмма пайдаланылған.

Категория: 

В Караганде шесть человек оказались на скамье подсудимых по обвинению в торговле новорожденными. Уголовное дело рассматривается в областном специализированном межрайонном суде по делам несовершеннолетних.

По материалам суда, одной из фигуранток уголовного дела стала многодетная жительница области. В 2022 и 2023 годах она родила двоих детей, а затем через знакомую медсестру перинатального центра передала их бездетным парам. По версии следствия, женщина пошла на этот шаг из-за финансовых трудностей и, предположительно, вместе с медсестрой получила за детей шесть миллионов тенге.

Категория: 

Бизнеспен ашық диалог: Ақтөбе облысында Салық кодексіне енгізілген түзетулер талқыланды  Үкімет өкілдері Ақтөбе облысының бизнес-қауымдастығымен Салық кодексіне енгізілген түзетулер туралы талқылады. Құрамында ҚР ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков пен ҚР қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Нұржанов бар жұмыс тобы 250-ден астам қатысушының басын қосты, кездесуге кәсіпкерлер, мәслихат пен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

Категория: 

Ойыл ауылында мектеп пен балабақша салынып жатыр Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев Ойыл ауданының Ойыл ауылына жұмыс сапарымен барды.  Өңір басшысының орынбасары ауылда салынып жатқан мектеп пен балабақша құрылысымен танысты. Мердігерлермен кездескен Асылбек Есенбаев құрылыс барысында ешқандай олқылыққа жол бермеу керектігін ескертті. Жұмыстарды сапалы әрі мерзімінде аяқтау туралы тапсырмалар берді.  Мектеп – 320 орындық. Оны «Интерстиль» ЖШС салып жатыр. Ал 150 орындық балабақшаның құрылысына «BF ЭЛИТЬ-құрылыс» ЖШС жауапты.

Категория: 
АктобеИнфо