Ақтөбеліктер алаяқтардың қулықтарына түсуді жалғастыруда
Полицияға бірден бірнеше қала тұрғыны арызданды, олар өздерінің сенгіштігінің салдарынан ақшаларынан айырылған.
48 жастағы ер адам өзін "банктің қауіпсіздік қызметкері" ретінде таныстырған алаяққа сеніп, оның нұсқауларын орындап, банктік шот нөмірін берген. Осыдан кейін алаяқ жәбірленушінің шотынан 1 млн. теңге шешіп алған.
Сол схема бойынша алаяқтар 47 жастағы әйелді де алдап, оған 5 млн теңгеге несие рәсімдеген.