Ал ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бастығы Айбек Шілманов өз сөзінде елімізде қазір 83 мың мемлекеттік қызметкер бар екенін атап өтті. Бұл жолы барлық 17 облыс пен Астана мен Шымкент қаласынан келген команда 669 әуесқой азамат өзара сынға түседі. Олар 8 спорт түрінде (үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат, гір тасын көтеру, жүзу, қазақ күресі, шағын футбол мен волейбол) кім мықтыны анықтамақ. Жарыста 98 республикалық деңгейдегі төреші жұмыс істейді.