Ойыл ауданында судан зардап шеккендерге 178 үй салынып жатыр Ақтөбе облысының Ойыл ауданында су тасқынынан зардап шеккендер үшін 178 үй салынып жатыр. Қаратал, Ақкемер, Кемер, Ақжар, Шығанақ Берсиев, Бестамақ және Ойыл ауылдарында құрылыс қарқын алған. Сең соғып, су бұзған баспаналар толығымен дерлік сүріліп, жаңадан тұрғызылып жатыр. Әзірге Қаратал ауылының халқы киіз үйді паналап отыр. Мұндай ақ отау әр аулада бар. Жауын мен шашыннан пана болатын дәстүрлі баспана заманауи материалдардан жасалған. Сондықтан тұрғындар қолайсыз екенін айтып отыр.