Ақтөбенің Халел Досмұхамедұлы көшесінде жол құрылысы жүріп жатыр. Бұл көшенің Мәңгілік ел көшесімен қиылысқан тұсынан Оңтүстік айналма жолға дейін жол салынуда. Қазіргі таңда осы учаскеде жол құрылысына кедергі келтіретін жерасты коммуникация желілерін ауыстыру (переустройства), футляр кигізу, топырақпен көму, тромбовка жасау жұмыстары жүруде.
«Инженерлік желілерді ауыстыру, қайта орналастыру шаралары осы аптала аяқталады. Ертеңнен бастап жол төсеуге кірісеміз», - деді мердігер ұйым «ГарантСтрой» ЖШС өкілі Бақытбек Бердімұратов.