Новости

#ЗАҢЖӘНЕТӘРТІП

Ақтөбеде жүргізуші куәлігі жоқ жеке тасымалмен айналысқан автобус жүргізушісі анықталды

Категория: 

#БІЛГЕНІҢІЗАБЗАЛ  Сізге WhatsApp арқылы күтпеген жерден досыңыз немесе туысыңыз ірі көлемде қарызға ақша сұрады ма? Міндетті түрде қаражат не үшін қажет екенін және ақшаны қандай шотқа аудару керектігін сұраңыз. Сізге РБК картасы немесе шот нөмірі жіберілуі мүмкін. Егер сіз өзге банк шотына, мысалы Каспий арқылы аударуды ұсынсаңыз, сізге карта қайта шығарылымда деп жауап береді. Алаяқтар өздерінің қылмыстық схемаларын осылай пайдаланады.

Категория: 

Көпбейінді облыстық балалар ауруханасында облыс әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімовке өзінің операциялық бөлмесі және пациенттерді күту палаталары бар облысаралық кардиохирургиялық орталықтың ашылғандығы туралы айтылды.    2010 жылы ашылған емдеу мекемесі өзінің білікті мамандарын мақтан етеді. Болашақта мұнда бүкіл Батыс Қазақстанның сәбилерін емдеумен қамтамасыз ететін нейрохирургия орталығы да ашылмақ.    Балалар ауруханасының басшылығы бірқатар проблемалық мәселені айтып өтті.

Категория: 

Балалар ауруханасында триаж жүйесі бойынша қабылдау бөлімшесі ашылады   Бүгін Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов облыстық перинаталдық орталық пен облыстық көпсалалы балалар ауруханасына барды.   Заманауи перзентханада ол босану залдарын, операциялық бөлімшені, жаңа туған нәрестелер орналастырылатын жан сақтау бөлмесін, біркүндік клиниканы аралап, орталықтың материалдық-техникалық базасымен танысты, мамандармен сөйлесті.   Облыстық перинаталдық орталық 2021 жылы ашылған. Мұнда жыл сайын 8000 босану тіркеледі, оның 25%-ы – хирургиялық жолмен.

Категория: 

В офисе президента Украины опровергли информацию, что Владимир Зеленский даст интервью Такеру Карлсону, сообщает Zakon.kz.

Пресс-секретарь президента Украины Сергей Никифоров написал в соцсетях буквально следующее:

"Господину Такеру Карлсону стоит внимательнее проверять свои источники в ФСБ. У президента Украины совсем другой график и Такера Карлсона там нет".

Категория: 

Сонымен қатар саммит барысында Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Иран Президентінің міндетін атқарушы Мұхаммед Мохбер, Қытай Төрағасы Си Цзиньпин, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф, Ресей Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Үндістан Сыртқы істер министрі Субраманьям Джайшанкар, ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин, ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылымы Атқарушы комитетінің директоры Руслан Мирзаев сөз сөйледі

Категория: 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі Тәуелсіздік сарайында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы өтті. Отырыс басталарда делегация басшылары Беларусь Республикасын Ұйым құрамына қабылдау және оған ШЫҰ-ға мүше мемлекет мәртебесін беру туралы шешімге қол қойды. Мемлекет басшысы бүгінде Шанхай ынтымақтастық ұйымы достық, тату көршілік, теңқұқықтық және өзара қолдаудың, яғни «шанхай рухы» негізінде жұмыс істейтін мемлекетаралық қатынастардың тиімді тетігіне айналғанын атап өтті.

Категория: 

Асхат Шахаров кірпіш зауытында және «MilkyLand» сауда белгісімен сүт өнімдерін шығаратын «Агрофирма ТАУ» ЖШС-дегіөндірісті көрді. Алдағы уақытта кәсіпорын өндірісті кеңейтіп, сүзбе жасайтын цехті іске қосуды жоспарлап отыр.   Облыс әкімі жергілікті кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау болатынын алға тартып, өнімдердің сапасы мен нарықтық бағасын қадағалауды тапсырды.

Категория: 

Дөң тау-кен байыту комбинатының «Қазақстан Тәуелсіздігіне – 10 жыл 2 кезеңі» шахтасы қалыпты режімде жұмыс істеп тұр. Кеніште шахтаның екінші кезегінің құрылысы жүріп жатыр. Жобаның құны – 877,6 млрд. теңге, ERG қаражаты есебінен жүргізілуде. Нысан іске қосылған кезде 2961 адам жұмысқа орналасады. Сонымен қатар, кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 6 мың тоннаға дейін артады. Жұмыстар 2025 жылы аяқталмақ. Өндірілген кеннің көп бөлігі Ақсу мен Ақтөбедегі ферроқорытпа зауыттарына жеткізіледі.    Облыс әкімі Дөң тау-кен байыту комбинатының шламды қайта өңдеу зауытына да барды.

Категория: 

Хромтау ауданында Индустриялық аймақ құрылады    Айта кетейік, Хромтау моноқаласында Индустриялық аймақ ҚР Премьер-министрінің тапсырмасы бойынша құрылуда. Хромтау ауданының әкімі Нұрхан Тілеумұратовтың сөзінше, Индустриялық аймақты құру үшін ауданның өнеркәсіптік аймағының аумағында 150 га жер бөлінген. Жақын маңда «Дөң-Бадамша» тас жолы бар. Мұнда «Өркен» өңірлік бағдарламасы аясында қолдау тапқан өндірістік нысандарды орналастыру жоспарлануда. Сонымен қатар, аудандағы өнімі тұрақты сұранысқа ие үш ірі кәсіпорын да осы аумақта орналастырылмақ.

Категория: 
�����