Хромтау қаласында жылыту маусымына дайындық жүріп жатыр «Қазхром» АҚ, Дөң кен-байыту комбинатының «Энергоцехі» Хромтауды жылумен қамтып отыр. Жылу трассасының жалпы ұзындығы 45,6 шақырым, олардың тозуы 55%-дан асады. Биыл 6,6 шақырым жылу желісіне күрделі жөндеу жүргізу жоспарлануда. Кәсіпорын жылу желілерін жаңғыртуға 398 мың теңгеден астам қаражат бөлді. Жылу трассасы мен қазандық жабдықтарын күрделі жөндеу жыл сайын жүргізіледі. Сонымен қатар, кәріз-сорғы стансасында жабдықтар жөнделуде. Осы мақсатта 61,8 млн. теңге қарастырылған.