Қаратал ауылында пайдалануға берілген 38 үйдің бірі Таңсұлу Ускенбаеваға тиесілі. Жаңа баспанасына қоныстанған ол қиын сәттерді еске алып, бүгінгі қуанышымен бөлісті.
«Жаз бойы киіз үйде тұрдық, қолайсыздау болды. Қазір шүкір үйіміз бітіп, кіріп жатырмыз. Мердігерлерге, құрылысшыларға, жауапты басшыларға рахмет. Жағдайымызды біліп, келіп тұрады. Ризамыз, ауылымыз көркейе берсін, енді қиыншылықтар болмасын алдағы уақытта. Бәрімізге жаңа қоныс құтты болсын!»,- деді ауыл тұрғыны.