Новости

25 мамыр – 2 маусым аралығында Ақтөбе спортындағы кезекті бір елеулі спорттық жарыс, шахматтан «Мемориал Владимира Дворковича-Aktobe Open 2024» халықаралық турнирі өткізіледі.  Турнирдің салтанатты ашылу рәсімі 25 мамыр күні сағат 10:00-де «Асе» теннис орталығында өтеді.  Интеллектуалды ойынға көңіл аударып, дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметі 2023 жылы Қазақстанда шахматты дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті.  Қазіргі күні шахмат спорты көпшілікке танымал спорт түрінің бірі.

Категория: 

Ақтөбе мен Шұбарқұдық арасына маршруттық қатынас ашылды  Темір ауданы тұрғындарының өтініштерін назарға ала отырып, аудандық әкімдік «Шұбарқұдық-Ақтөбе» және «Ақтөбе-Шұбарқұдық» қатынасымен екі аралыққа қоғамдық көлік тасымалын ұйымдастыру туралы шешім қабылдады. Нәтижесінде қоғамдық көлік қатынасы бойынша конкурс жарияланып, үміткер анықталды. Жоба мердігері – «Аймұқашев» ЖШС.  Қазіргі таңда ауданда жолаушыларды тасымалдайтын қоғамдық автобустардың аялдамасы мен тұрақты орны анықталуда.

Категория: 

Мәдениет саласы қызметкерлері марапатталды    Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Өнер орталығында өткен «Мәдениетім — мерейім» атты мерекелік шарада облыстың мәдениет саласына елеулі үлес қосқан қызметкерлер марапатталып, шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті.     Салтанатты шарада алдымен облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева сөз сөйлеп, жиналғандарды кәсіби мерекелерімен құттықтады.    

Категория: 

Ақтөбеде 500-ге жуық адам тазалық акциясына атсалысты    Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында өңірімізде «Таза орман» акциясы өтті.    Акция Ақтөбе қаласындағы Ақтөбе орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі орналасқан «Заречный-3» тұрғын-жай аумағында да болды.   Акцияға облыс бойынша жалпы саны 500-ге жуық адам қатысты. Олардың қатарында орман шаруашылығы мекемелерінің қызметкерлері, «Жасыл ел» жасақтарының сарбаздары бар.

Категория: 

Қазақстан Үкіметі адам папилломасы вирусына қарсы вакцина сатып алуға 9,7 млрд теңгеден астам қаржы бөлді  Үкімет адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцина сатып алуға және Қазақстанда аталған екпе жұмысын жүргізуге резервтен қаражат бөлді. Тиісті қаулыға ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов қол қойды.  Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың бюджеттеріне 351 мыңнан астам дозасы мөлшерінде вакцина сатып алу үшін ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде 9,7 млрд теңгеден астам қаражат аударылады.

Категория: 

Ауыл шаруашылығы министрі ақтөбелік фермерлермен кездесті   Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров облыс әкімі Асхат Шахаровпен бірге Әйтеке би және Хромтау ауданындағы шаруаларымен кездесті. Көктемгі егіс егу жұмыстарының барысымен танысты.  Бүгінгі күнге облыста 283,1 мың гектарға жаздық дақылдар егісі жүргізілді. Бұл өңірдің жалпы егіс алқабының 47,1 пайызын құрайды.    Президент тапсырмасы аясында өңірімізде минералды тыңайтқыштардың көлемін 27,2 мың тоннаға жеткізу жүктелген.

Категория: 

«Ақтөбе-Хромтау-Қарабұтақ» арасындағы ағымдағы жөндеу жұмыстары маусымда аяқталады    Қазіргі таңда облыста апатты жағдайлардың алдын алу, қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында халықаралық маңызы бар «Самара-Шымкент» автожолының 763-965 шақырым теліміндегі жөнделмеген аралықтарға қосымша ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл мақсатқа 1,2 млрд.теңге қаражат бөлінді.    Мердігер мекеме – «Ербол-ЭЛЬ» ЖШС. Биыл маусым айында барлық жұмысты аяқтау жоспарланған. Жөндеу жұмыстарына 25 техника, 33 жұмысшы жұмылдырылған.  

Категория: 

Мемлекет басшысына су тасқыны салдарын жою және қалпына келтіру жұмыстары жөнінде есеп берілді Премьер-Министр Олжас Бектеновтің баяндамасынан: су тасқынының салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек көрсету жұмыстары Үкіметтің тікелей қадағалауымен жүргізіліп жатыр; қазіргі кезде 61352 адам өз үйлеріне оралған. Эвакуациялық пункттердегі тұрғындарға (5452 адам) барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр; 20 мамырдағы жағдай бойынша 26 мыңнан астам отбасына 100 АЕК мөлшерінде бірреттік төлем беру үшін 10 миллиард теңгеден аса қаржы бөлінген (жалпы, 32655 өтініш келіп түскен).

Категория: 

В Семее на правом берегу 21 мая отключили воду из-за аварийной ситуации на водопроводе.

По информации ГКП "Семей водоканал", 21 мая в 20:00 в связи с аварийной ситуацией на водоводе диаметром 600 мм по адресу ул. Козбагарова, 22 будет отключен водозабор "Смычка" и приостановлено водоснабжение в правобережной части города Семей.

ГКП "Семей Водоканал" принес свои извинения за доставленные неудобства.

Пока нет информации, когда водоснабжение восстановят. 

Категория: 

Премьер-министр Великобритании Риши Сунак объявил 20 мая "днем позора для британского государства" в связи со скандалом с заражением тысяч пациентов ВИЧ и вирусом гепатита С.

Его слова опубликованы на правительственном сайте.

Категория: 
�����