Ағымдағы жылдың наурыз айында Ақтөбе қаласы ПБ-ның «102» жедел басқару орталығына Асау-Барақ көшесінде екі белгісіз тұлға 21 жастағы жігітке күш көрсетіп, оның ұялы телефонын ұрлап кеткендігі туралы хабарлады.
Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, 27 және 29 жастағы екі күдікті анықталып, ҚПК-нің 128-бабына сәйкес ұсталып, Ақтөбе қаласы УҰИ-не қамалды.
Аталған дерек бойынша, ҚР ҚК-нің 191-бабының 2-бөлігі «Тонау» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Өзге мәліметтер тергеу мүддесінде жария етілмейді.