Полицияның жүргізіп жатырған түсіндіру және алдын алу іс-шараларына қарамастан, азаматтар алаяқтарға алданып қалуда.
Мысалы, 34 жастағы ер адамның ұялы телефонына белгісіз біреу хабарласып, өзін банк қызметкері ретінде таныстырады. Жәбірленушіден алдау жолымен жеке деректерін алып, жалпы сомасы 5.320.000 теңге болатын үш банкте онлайн несие рәсімдеген.
ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті адамды анықтауға және ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізілуде.