Алаяққа сенген зейнеткер қаражатынан айырылды.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті алаяқтық жағдайларының алдын алу үшін ешкімге, тіпті банк қызметкеріне де жеке шоттары мен карталарына қатысты SMS-код және басқа да дербес ақпаратты айтуға болмайтынын ескертеді.
Есіңізде болсын, банктер мен төлем жүйелері ешқашан хат жібермейді немесе клиенттердің телефондарына қоңырау шалып, шот деректерін беруді сұрамайды. Банк қызметкерлерінде барлық қажетті мәліметтер бар.
Мысалы, 66 жастағы ақтөбелік зейнеткер өзінің жылжымайтын мүлкі мен барлық қаражатынан айырылды.