Жоғалған жылқыларды иесіне қайтарды.
Қобда ауданы полиция бөліміне шаруашылық қожалығының иесі жүгінді. Оның айтуынша, 22 мамыр күні Жарық ауылынан 15 шақырым жердегі еркін жайылымнан 10 бас жылқы жоғалып кеткен.
Учаскелік полиция инспекторлары мен криминалдық полиция қызметкерлерінен жедел іздестіру тобы құрылды. Іздестіру тобы жоғалған малдардың болу мүмкін жерлерін қарастырды.
Үшінші күні учаскелік полиция инспекторы Батыс Қазақстан облысы шекарасында Қобда ауданының Жарық ауылынан 85-90 шақырым жерден жоғалған жылқыларды тапқан.