Ақтөбелік полицейлер трансформаторлар ұрлығын ашты Полиция жүргізген жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде, құрылыс нысандарының аумағынан электр қуатының тоғыз трансформаторын ұрлады деген күдікпен Ақмола облысының екі тұрғыны ұсталды. Келтірілген шығын көлемі 15 млн теңгеден асады. Күдіктілер трансформаторларды манипуляторға тиеп алып кеткен. Көп ұзамай Қарағанды қаласына жеткізіп, көрші елдің азаматтарына сатып жіберген. Тоғыз трансформатор тиелген жүк көлігін жедел қызметкерлер Қырғыз Республикасымен шекаралас жерде тоқтатты. Ұрлық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Категория: 

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы М.Ермағанбетов 2024 жылы өңірдегі мемлекеттік жастар саясаты саласында атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарлар туралы бөлісті. Оның айтуынша, облыста осы жылдың екінші тоқсанында NEET санатындағы жастар — 5,6%. Облыстағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі — 1,8%. 13 291 жас жұмыспен қамту іс-шараларымен қамтылған, 4732 жас тұрақты жұмысқа орналасқан, «Жасыл ел» бағдарламасына 1983 жас қатысса, 14 адам «Zhas project» грантын иеленген.

Категория: 

Аталған кеңеске қатысқан облыс әкімі Асхат Шахаров жастарды мерекемен құттықтап, өңірде атқарылып жатқан жастарды қолдауға бағытталған іс-шараларға тоқталды.  

Категория: 

 

Жастарды қолдау жалғасады    Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Мәңгілік ел» залында Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы Жастар істері жөніндегі кеңес отырысы өтті.   Іс-шара барысында 2024 жылы өңірдегі мемлекеттік жастар саясаты саласында атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарлар туралы талқыланып, өңірлік студенттік омбудсмен институтымен бірлесе жатақханалардың жағдайына жүргізілген мониторинг қорытындысы айтылды. Сонымен бірге 12 тамыз — Халықаралық Жастар күніне орай белсенді жастар марапатталды.

Категория: 

Облыста кемпингтер желісі кеңейтілмек Облыс әкімі Асхат Шахаровтың қатысуымен өткен аппарат отырысында өңірде жол бойындағы сервисті дамыту мәселелері қаралды. Ақтөбе облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Алмас Салықбаевтың айтуынша, облыста жол бойында қызмет көрсететін 116 обьект бар. Оның 5-і — барлық ұлттық стандарттарға сәйкес келетін А санатындағы көп функционалды кешен және 4-еуі — кең ауқымды қызмет көрсететін В санатындағы нысан. Қалған С санатындағы 61 нысан және Д санатындағы 46 нысан бөлшек сауда және жанармай құю станциялары ретінде жұмыс істейді.

Категория: 

Әуе қорғанысы күштерi Әскери институты жартығасырлық мерейтойын атап өтті  Ақтөбеде екі мәрте Кеңес Одағының батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерi Әскери институтының 50 жылдығы тойлануда. Жартығасырлық мерейтойға жоғары оқу орнының бірнеше жылғы түлектері және құрметті қонақтар жиналды. Олардың арасында Халық Қаһарманы, Қазақстанның тұңғыш ғарышкері – авиация генерал-майоры Тоқтар Әубәкіров пен ҚР Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы Дәурен Қосанов бар.  Әскери институтты осы уақытқа дейін 5000-нан астам түлек тәмамдаған.

Категория: 
�����