Қанат Бозымбаев Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға пәтерлер сатып алу және тұрғын үй салу қарқынын тексерді Вице-премьер Қанат Бозымбаев Ақтөбе облысының су тасқынынан зардап шеккен Ойыл, Қобда, Темір және Мұғалжар аудандарында болып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Сондай-ақ салынып жатқан үйлердің қарқыны мен сапасын тексерді. Қанат Бозымбаев ақтөбеліктерге табандылық пен шыдамдылық танытқаны үшін, сондай-ақ Мемлекет басшысының үндеуін қолдаған кәсіпкерлерге алғысын білдірді. Облыс бойынша барлығы 4691 үй зардап шекті, оның 992-сі апаттық деп танылды.