Асланбек Шүйіншәлиев, Алматы ауданының әкімі:«Ақтөбе қаласы Алматы ауданы бойынша су тасқынынан зардап шеккен азаматтар тарапынан 3200 өтініш келіп түсті. Арнайы комиссия 2900 мекенжайға барды. Бұл жұмыстар әлі де жалғасын таба береді. Сонымен қатар, техникалық бақылаушы мен бағалаушы компания 1500-ге жуық мекенжайға шығып, келтірілген залалды анықтау бойынша тексеру жұмыстарын жүргізді. Бүгінгі күні 101 отбасына 200 миллионнан астам теңгеге өтемақы төленді».

Категория: 

Күндерек: 2000-ға жуық отбасы біржолғы төлем алды    Су тасқынынан зардап шегіп, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға жергілікті өкілетті органдардың шешімдері негізінде біржолғы әлеуметтік төлем беріледі.   Ақтөбе облысында қиын жағдайға тап болған отбасыларды қолдау мақсатында беріліп жатқан біржолғы төлем бүгінде 633 млн 462 мың теңгені құрады. Оны 1 948 отбасы алған.    Өңірде су тасқынынан зардап шеккендерге жан-жақты көмек беру шаралары жалғасуда. Мемлекет басшысы айтқандай, табиғи апат салдарынан жапа шеккен тұрғындарға барынша қолдау көрсетіледі.

Категория: 

Қобда ауданында бүлінген мүлікке өтемақы беріле бастады    Қобда ауданында шығынды өтеуге барлығы 259 өтініш қабылданған. Комиссия 133 үйді тексеріп, оның бесеуіне мамандар баға берген. Ауданның алғашқы бес тұрғыны жалпы сомасы 15 миллион теңгеден астам өтемақы алды.    Қобда ауданындағы су тасқыны зейнеткер Александр Лашконың да мүлкін бүлдірген. Қария Қобдадағы Алматы көшесінде жалғыз тұрады. Ол су тасқыны болған күнді мұңая еске алады.  

Категория: 

Ырғыз ауданындағы су тасқыны жағдайы бойынша ақпарат   Ақтөбе облысында жағдай тұрақты. Қазіргі уақытта Ырғыз ауданының Құйлыс, Жайсаңбай және Белшер ауылдарында бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізілуде.   Күштер мен арнайы техникаларды тарта отырып, жалпы ұзындығы – 15 км жағалауды нығайтатын бөгет салынды. 78 908 дана қап төселіп, 62 030 тонна инертті материалдар жеткізілді.    12 сәуірден бастап ТЖД бастығы Нұрғали Жүнісовтың жектешілігімен құтқарушылар Қорғаныс Министрлігі ұшағымен Мамыр, Нұра, Белшер, Құйылыс ауылдарынан 1280 адам, оның ішінде 652 бала эвакуацияланды.

Категория: 
�����