Ақтөбе қаласында Айдарбек Сапаров Қазақстандағы қой жүнінен табиғи негізде жасалатын тоқыма емес материалдар шығаратын алғашқы KazFelTec зауытының құрылыс алаңына барды. Жоба италиялық Cormatex Airlay технологиясын пайдалана отырып жүзеге асырылып жатыр және жылу мен дыбыс өткізбейтін материалдар өндірісін қамтиды.
«Мемлекеттік қолдау шараларын пайдалана отырып іске асып жатқан маңызды жобалармен таныстым. Сіздерге белгілі, тері мен жүнді өңдеу мәселесі әлі де өзекті болып отыр. 2024 жылы Қазақстанда 9,27 млн тері өндірілсе, соның тек 6%-ы ғана өңделген. Қой жүнінің өндірісі 35,5 мың тоннаны құрап, оның небары 29%-ы өңделді. Біз бұл мәселені шешу бағытында жұмыс істеп жатырмыз. KazFelTec жобасы ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеу тізбегіндегі маңызды буынға айналып, фермерлік шаруашылықтармен тұрақты кооперация орнатып, мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу деңгейін арттырады деп сенемін»,– деді министр.
В г. Актобе Айдарбек Сапаров посетил площадку строительства завода KazFelTec — первого в Казахстане производства нетканых материалов на основе натуральной овечьей шерсти. Проект реализуется с применением итальянской технологии Cormatex Airlay, и предусматривает выпуск тепло- и шумоизоляционных материалов.
«Ознакомился с ходом реализации важных проектов, которые реализуются с использованием мер господдержки. Вам известно, что вопрос касающийся переработки шкур и шерсти остается актуальным. В 2024 году в Казахстане произведено 9,27 млн шкур, из которых перерабатывается лишь 6%. Объем производства овечьей шерсти составил 35,5 тыс. тонн, перерабатывается только 29%. Мы работаем над решением проблемы. Уверен, что KazFelTec станет важным звеном в цепочке глубокой переработки сельхозсырья и позволит наладить устойчивую кооперацию с фермерскими хозяйствами, а также повысить уровень переработки продукции животноводства»,— отметил министр.
Источник: https://web.telegram.org/k/#@aqtobe_oblysy_akimdigi
Фото: с телеграма