Құтқару шараларына әскери қызметшілер тартылды Қазіргі уақытта Ырғыз ауданының Құйлыс, Жайсаңбай және Белшер ауылдарында бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл іс-шараларға Қорғаныс министрлігінің 30238 бөлімінің әскери қызметшілері, 100 ерікті жан тартылып, 5 бірлік техника жұмылдырылды. Қажетті инертті материалдар бар. Сондай-ақ, Ырғыз ауданына 100 күрек, 60 матрац, 50 етік, 40 айран, 1 қап жүгері, 3 қорап консерві, 10 қорап печенье, 10 мың қап, 1 қайық, 2 тақта, 2 генератор, 1 мотопомпа, 4 қап дәрі-дәрмек гуманитарлық көмек ретінде жіберілді.