Облыс әкімі инвесторлармен кездесті Облыс әкімі халықаралық инвесторлар делегациясымен, атап айтқанда, «GCL (Group) Holding Limited» компаниясының директоры және вице-президенті Ван Мин, Бейжің төмен температура ғылыми-технологиялық компаниясының президенті Гао Джинлин, «Shenneng Environment» компаниясының президенті Тан Синлянмен кездесу өткізді. Басқосуда өңір басшысы аспан асты елінің өкілдерімен өңірді дамыту бағытындағы стратегиялық, «Бір белдеу, бір жол» халықаралық жобасы аясында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі жоспарларды талқылады.