Ырғыз ауданына гуманитарлық көмек жіберілді Бұған дейін ауданға жүк көліктері және тікұшақ арқылы 5 рет гуманитарлық көмек тасымалданды. Бүгін 35 мың қап, 100 су етік, 100 күрек, 2 генератор, 2 қайық, 1 мотопомпа және азық-түлік қоры, көрпе-төсек, қажетті тұрмыстық заттар «Анаға тағзым» орталығынан жүк көліктеріне тиеліп, Ырғыз ауданының орталығына жөнелтілді. Сондай-ақ, Қорғаныс министрлігі 30238 әскери бөлімінің 70 қызметкері Торғай өзені деңгейінің көтерілуінен су басу қаупі төніп тұрған Құйлыс және Жайсаңбай ауылдарына аттанды.