Сондай-ақ, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы облыс әкімінің назарын аймақтағы электр қуатының тапшылығына және жаңа электр станцияларын салу қажеттілігіне аударды. «Облыстың электр қуатын тұтыну көлемі — 947 мегаватт, оның 50 пайыздан астамы жергілікті жерде өндіріледі, қалған 273 мегаватты Ресейден, 178 мегаватты басқа өңірлерден алып отырмыз. Жыл сайын облыста өнеркәсіп, инфрақұрылым және тұрғын үй құрылысы қарқынды дамып келеді, бұл электр энергиясына деген сұраныстың тұрақты өсуіне әкеледі.