Балалар ауруханасында триаж жүйесі бойынша қабылдау бөлімшесі ашылады Бүгін Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов облыстық перинаталдық орталық пен облыстық көпсалалы балалар ауруханасына барды. Заманауи перзентханада ол босану залдарын, операциялық бөлімшені, жаңа туған нәрестелер орналастырылатын жан сақтау бөлмесін, біркүндік клиниканы аралап, орталықтың материалдық-техникалық базасымен танысты, мамандармен сөйлесті. Облыстық перинаталдық орталық 2021 жылы ашылған. Мұнда жыл сайын 8000 босану тіркеледі, оның 25%-ы – хирургиялық жолмен.