Новости

Ақтөбеде 30 жыл бойы жөндеу көрмеген аулалар абаттандырылды Ақтөбеде отыз жылға жуық жөндеу көрмеген аулалар абаттандырылып жатыр. Облыс орталығындағы көпқабатты баспаналардың алдына асфальт пен жаяу жүргіншілер жолы төселіп, балалар алаңы орнатылған. Кешенді жоба аясында 39 үйдің ауласы қамтылды. Отыз жыл бұрын салынған Есет батыр көшесіндегі бұл үйлердің ауласы бұрын жөндеу көрмеген. Қолданысқа берілген сәтте төселген асфальт әбден ескіріп, шұрық-тесік боп жататын. Тозығы жеткен балалардың ойын алаңы да қайта жаңаратынына жергілікті халық дән риза.

Категория: 

Ақтөбе облысының тұрғындары «Ауыл аманатына» биыл бөлінген қаржыны игерді Президент тапсырмасымен жүзеге асырылған «Ауыл аманаты» бірегей жобасы аясында Ақтөбе облысында 2700-ден астам кәсіпкер қолдау тауып, өз кәсібін ашты.  Екі жыл ішінде өңірге жалпы сомасы 15 млрд теңгеден аса үш транш бөлінсе, бүгінде барлық сома толығымен игерілді.   Атап айтқанда,  мал шаруашылығы саласында 5,4 млрд. теңгеге 758 жоба іске асырылып, 22 417 бас мал сатып алынды.  Тағы құс шаруашылығы бағыты бойынша 598 жоба - 2,4 млрд. теңгеге,  өсімдік шаруашылығындағы 233 жоба - 1,2 млрд. теңгеге жүзеге асырылды.

Категория: 

Ақтөбелік оқушы «Walking in Aktobe» атты туристік мобильді қосымша ойлап тапты  Ақтөбелік жас дарын, №51 гимназия оқушысы Мират Сагинбаев қала тұрғындары мен қонақтарына Ақтөбенің көрікті жерлерін таныстыру мақсатында «Walking in Aktobe» атты мобильді қосымшаны әзірледі. Бұл ерекше жоба «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында MIT App Inventor визуальды программалау ортасында жасалып, аймақтың туристік орындары туралы толық ақпарат беруді, сондай-ақ қала бойынша еркін түрде маршрут құру мүмкіндігін ұсынады.

Категория: 

KGIR-2024: ақтөбелік делегация бірқатар инвестормен кездесу өткізді Астанада Жаһандық инвестициялар бойынша қазақстандық дөңгелек үстел (KGIR-2024) өтіп, оған 500-ден астам делегат, оның ішінде халықаралық компаниялар мен сарапшылардың өкілдері қатысты. ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов жетекшілігімен өткен шарада негізгі инвестициялық трендтер және олардың халықаралық стратегияларға әсері талқыланды.

Категория: 

Бұдан кейін Асхат Шахаров Хромтау қаласындағы өрт сөндіру бекетінде болды. Бекет әкімшілік ғимараттан, 4 жатақханаға арналған гараждан тұрады. Мұнда 12 төтенше жағдай қызметкері отбасымен тұрады. 1977 жылы салынған нысанға күрделі жөндеу қажет.  Асхат Шахаров аудан әкіміне ғимаратты жөндеуге қаржы бөлу мәселесін қарастыруды тапсырды.

Категория: 

Бұдан кейін облыс әкімі Дөң тау-кен байыту комбинатының балансындағы қаладағы орталық қазандықтың жұмысын қарады. Асхат Шахаров жабдықтың қазіргі жағдайын сұрап, нысан басшылығымен қазандық жұмысының сенімділігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған жөндеу жұмыстарының барысын талқылады. Қаланы үздіксіз жылумен қамтамасыз ету үшін кәсіпорын 2023 жылы қазандықтарды күрделі жөндеуден өткізіп, биылғы жылы 1,2 шақырым жылу желілерін жөндеуден өткізген.

Категория: 

Хромтауда биыл Мәдениет үйі, келер жылы спорт кешені пайдалануға беріледі Облыс әкімі Асхат Шахаров Хромтау ауданына барған жұмыс сапарында әлеуметтік нысандардың құрылысымен танысты.  ERG компаниялар тобы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында Хромтаудағы Мәдениет үйінің құрылысын 2023 жылы бастаған. Бүгінде мердігер ұйым «Санжар» ЖШС әрлеу жұмыстарын аяқтап жатыр. Нысан биылғы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Өңір басшысы әрлеу жұмыстары жалғасып жатқан кабинеттер мен залдарды аралап көрді.

Категория: 
�����