Жалғыз Ұлы Отан соғысының ардагеріне құрмет көрсетілді Ақтөбе облысында көзі тірі жалғыз ҰОС ардагері Василий Грецкийдің ауласында Хромтау ауданының әкімдігі сенбілік ұйымдастырды. Оның құрметіне аудандық әкімдіктің қызметкерлері құрмет көрсетіп, «Өнегелі ұрпақ» экологиялық акциясы аясында тазалық шарасын өткізді. Оған Хромтау ауданының жастары, ерікті жандар, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қуаныш Біржанов, аудандық мәслихат депутаты, «Қаһарман» ҚБ басшысы Фархад Сағынбай қатысты.