«Қамқорлық» жаңа орталығы аутизммен ауыратын балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға бір жерде шоғырланған мамандарарқылы әдістемелік кешенді көмек алуға мүмкіндік береді. Орталық 1,5-тен 18 жасқа дейінгі балаларды қабылдайды, тек білім беру сабақтары мен оңалту ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлаудың маңызды дағдыларын ұсынады. Мұнда оларға төсек жинау, қонақтарға дастархан жаю, киім үтіктеу, ыдыс жуу, сонымен қатар тамақ әзірлеу секілді тұрмыстық дағдылар негіздері үйретіледі. Бұл балалардың жан-жақты дамуы және тәуелсіз болуына көмектеседі.