Қарғалы аудандық мәслихаттың кезектен тыс жиырма бірінші сессиясы өтті Бүгін, 26 тамыз күні Қарғалы аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма бірінші сессиясы өтіп, оған депутаттармен қатар, Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, аудандық мәслихат төрағасы Сапарбек Аманжолов қатысты. Отырыс барысында өңір басшысы А.Шахаров Қарғалы ауданы әкімінің лауазымына Өнербаев Нұрлыбек Амандоллаұлын тағайындауға ұсыныс білдірді, өмірбаянымен таныстырды. Мәслихат депутаттары облыс әкімін қолдап, ұсынысқа бірауыздан келісім берді.