Ақтөбеде облыстық әжелер форумы өтті Қалалық мәдениет сарайында «Аялы әже» облыстық форумы өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан қатысты. Шараға 300-ге жуық қатысушы, оның ішінде еңбек ардагерлері, өңірдің әжелер кеңесінің өкілдері, облыстық және қалалық мәслихаттар депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың белсенділері, ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері, іскер әйелдер одағы мен жазушылар одағының өкілдері, мәдениет және білім қызметкерлері, сондай-ақ жастар қатысты.