Новости

Облыстық бюджеттен ғылымды дамытуға арнайы қаражат бөлінді. Бұл шешім Президенттің тапсырмаларын ескере отырып, қабылданды және әкімнің пікірінше, өңірдің ғылыми экожүйесін қалыптастыруға септігін тигізеді. Атап айтқанда, аймақта Жұбанов университетінің базасындағыҰлттық академиялық және зерттеу өнеркәсіптік орталығы Өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу жобасын табыстыіске асырылуда. Жоба «Қазхром»компаниясымен бірлесіп қаржыландырылады және тұрақты даму перспективалары бар.  

Категория: 

Облыс әкімі ақтөбелік ғалымдармен Ұлттық құрылтайда берілген Президент тапсырмаларын іске асыру жолдарын талқылады    Ғылым жөніндегі Кеңестің алғашқы отырысы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде өтті. Іс-шара Қазақстанда 12 сәуірде атап өтілетін ғылым қызметкерлері күнін мерекелеуге орайластырылды.    Ұйымдастырушылар – облыстық әкімдік пен өңірлік университет.   Кеңес жұмысына оның төрағасы облыс әкімі Асхат Шахаров, сондай-ақ кәсіпорын басшылары, кәсіпкерлер, жетекші ғалымдар, университет оқытушылары мен жас зерттеушілер қатысты.  

Категория: 

Жалпы, цифрландыру тұрғысынан да, инфрақұрылымды құру тұрғысынан да туристік тәжірибені жақсарту және облыстың туризм индустриясына жаңа инвестициялар тарту бойынша кешенді шешімдер әзірленуде.  Баяндамашыны тыңдаған аймақ басшысы өңірде туризмді табысты дамыту үшін тартымдылық аймағын құру және іс-шараларды ұйымдастыруды ғана емес, инфрақұрылымды, экологиялық стандарттарды жақсартуды және өңірді ілгерілетуді қамтитын кешенді стратегияны құру қажеттігін алға тартты.

Категория: 

Облыста туристік нысандардың жол картасы әзірленуде    Жол картасы туризм инфрақұрылымын жақсарту және жаңғырту жұмыстарын жүйелеужәне осы салаға инвестиция тартуға көмектеседі.    Облыс әкімінің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде туризм саласын цифрландыру және өңірдегі туризм инфрақұрылымын дамыту мәселесі қаралды.  

Категория: 

Ақтөбе облысының дін істері басқармасының жаңа басшысы тағайындалды    Бұл лауазымға Жүсіпжан Ақзам тағайындалды.   Өңір басшысы Асхат Шахаров дін істері басқармасының жаңа басшысын таныстырды.    Жүсіпжан Ақзам 1970 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. 1993 жылы – Мәскеу Ленин ордені және Еңбек Қызыл Ту орденінің К.А.Тимирязев атындағы ауылшаруашылық академиясын, 2001 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдаған.    Еңбек жолын 1993 жылы Шалқар ауданының «Сүттікөл» өндірістік кооперативінде зоотехник болып бастаған.

Категория: 

Өңірлік жұмыспен қамту картасы: жыл соңына дейін 54 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады    Облыста Өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында 25 мыңнан астам жұмыс орнын құру, 54 мыңнан астам адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда.     Облыс әкімінің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселесі қаралды.    Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева бірінші тоқсанда 12 130 адам еңбекпен қамтылғанын, бұл жоспардың 22%-і екенін хабарлады.

Категория: 

Қайсар қыз Әлияның ерлігіне арналған тұңғыш қойылым сахналанады Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай, мерген қыздың ерлігі мен өмірі алғаш рет музыкалық пьеса болып өрілмек.

7 мамырда көрерменге жол тартатын мюзикльде Әлияның жарқын бейнесі жан-жақты жеткізіледі. Қойылымдағы ерекше образдың бірі – «Ажал» кейіпкері. Батырдың тағдырымен бетпе-бет келіп, оның рухын сынау арқылы көрсетіледі. Тарихи биографиялық көріністе қаршадай қыздың қайсарлығы мен Отанға деген өшпес махаббаты драмалық тартыстармен беріліп, әсерлі диалогтар арқылы жеткізіледі.

Категория: 

Асхат Шахаров өңірде сенбіліктердің басталуымен абаттандыру және құрылыс көліктерінің жолдарды ластауына байланысты жауапкершілікті күшейту керектігін жеткізді.    Сұлтан Аманчин қаланың көркін жақсарту мақсатында ішкі істер органдары мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің қатысуымен құрылыс нысандарын тексеру жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын айтты.    Нәтижесінде біраз олқылық анықталды: Мәселен, кейбір компаниялардың дөңгелектерді жуатын арнайы қондырғылары жоқ, құрылыс сыртындағы қоршаулары бұзылған, ал нысандар – төлқұжатсыз.

Категория: 

Ақтөбеде тағы бес құрылысы тоқтап тұрған нысан қолданысқа берілді    Облыс әкімі Асхат Шахаров аппарат мәжілісінде өңірдегі құрылыс-монтаж жұмыстарының барысы туралы ақпаратты тыңдады.   Мемлекеттік құрылыс және сәулет бақылау басқармасының басшысы Сұлтан Аманчиннің айтуынша,биылғы І тоқсанда басқармаға құрылысжұмыстарының басталғаны туралы 319 хабарламатүскен, оның ішінде тұрғын үй құрылысы, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы жобалар бар.

Категория: 

Облыс әкімі ақтөбелік ғалымдармен Ұлттық құрылтайда берілген Президент тапсырмаларын іске асыру жолдарын талқылады    Ғылым жөніндегі Кеңестің алғашқы отырысы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде өтті. Іс-шара Қазақстанда 12 сәуірде атап өтілетін ғылым қызметкерлері күнін мерекелеуге орайластырылды.    Ұйымдастырушылар – облыстық әкімдік пен өңірлік университет.   Кеңес жұмысына оның төрағасы облыс әкімі Асхат Шахаров, сондай-ақ кәсіпорын басшылары, кәсіпкерлер, жетекші ғалымдар, университет оқытушылары мен жас зерттеушілер қатысты.  

Категория: 
АктобеИнфо