Новости

МАҢЫЗДЫ ХАБАРЛАМА
Ақтөбе облысының аумағында құжатсыз және азаматтығы белгісіз адамдарды анықтауға бағытталған кең ауқымды науқан аясында Ақтөбе облысы полиция департаментінің көші-қон қызметінің қызметкерлері ағымдағы жылғы 1 шілдеден 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, Ақтөбе қаласы Сәңкібай батыр даңғылы 143А мекенжайы бойынша әр сейсенбіде сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін құқықтық көмек көрсету үшін жеке басын куәландыратын құжатсыз жүрген азаматтарды қабылдау жүргізеді.

Категория: 

Ақтөбе облысында азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша жаңа жоба іске қосылады     Астана қаласында жүзеге асып жатқан «Jol Tap» жобасы іспетті жұмыспен қамту жобасы еліміздің бірнеше өңірінде қолға алынды. Оның аясында мемлекеттік қолдау шаралары бойынша консультациялар жүргізіледі, сондай-ақ тегін қысқа мерзімді оқыту курстары ұсынылады және жұмыссыздар немесе уақытша жұмыспен қамтылған азаматтар жұмысқа орналастырылады. Жобаның негізгі ерекшелігі – мамандар азаматтардың келуін күтпей, керісінше, сауда орталықтары секілді адам көп жүретін жерлерге шығып, кеңес береді.

Категория: 

 

«Бұқара-Орал» газ құбырының құрылысы қарқынды    Ақтөбе облысында «Бұқара-Орал» магистральді газ құбыры үшінші желісінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Хромтау ауданы аумағындағы жұмыстар былтыр шілде айында басталған-ды. Оны 2025 жылы аяқтау жоспарлануда.  «Отау-Строй» ЖШС өкілі өңір басшысын атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. 200-ден астам адам құрылысқа тартылған.    Газ құбырының ұзындығы 165 шақырымдықұрайды, жылдық қуаты — 2,4 млрд текше метр. Жалпы құны 43 млрд теңгені құрайды.  

Категория: 

«Самара-Шымкент» тас жолын қайта жаңғырту жұмыстары басталды    Жаңа автомобиль жолын салу жұмыстары Ақжар және Жазық (Просторное) ауылдары аумағында басталды. Құрылысшылар «Самара-Шымкент» тасжолының 791-819 шақырым аралығын салады.    Хромтау ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Асхат Шахаров «Қазавтожол» мекемесінің Ақтөбедегі өкілдері және «Сине Мидас Строй» ЖШС мердігер ұйымымен кездесіп, жұмыс барысын көрді.    Қысқы мерзімді қоспағанда, 34 айдың ішінде халықаралық маңызы бар 28 шақырым жол қайта жаңғыртылады.

Категория: 

Сандар мен деректер 6 сәуірден бастап облыс бойынша көгалдандыру, санитарлық тазалық және елді мекендерді абаттандыру бойынша екі айлық акция ұйымдастырылды. «Таза Қазақстан» акциясына 213 954 тұрғын қатысып, 5 993 мекеме мен кәсіпорын жұмылдырылды. 18 982 аула тазартылды, оның 2 326-сы — көпқабатты үйдікі, 16 656-сы — жеке үйге тиесілі. Еріктілер еңбек ардагерлерінің, қарттардың үйлерінің аулаларын ретке келтірді. 276 саябақ пен гүлзардың қоқысы жиналды.  Қала мен елді мекендерде 285 910 ағаш пен 6 350 көшет егілді.

Категория: 

Бүгін Ақтөбе су қоймасының жағасында «Jasyl сгоѕѕ 2024» плоггинг-марафон өтті. Плоггинг— жүгіруді қоқыс жинаумен біріктіретін экологиялық қозғалыс. Бұл сөз екі ұғымнан тұрады: швед тілінен аударғанда «plocka upp» және «jogging». Жастар ырғақты музыканың әсерімен су қоймасы жағалауындағы шашылған қоқысты тез жинап тастады. Жігіттер қоқыс салуға арналған қапшықтарын тезірек толтыруға тырысты, өйткені марафонда кім жылдам, көп көбірек жинайды, сол жеңіске жетеді деген ұғым бар. Көптің жұмылып жұмыс істеуінің нәтижесінде 18 тонна қоқыс жиналды.

Категория: 

2 июля стало известно, где в Казахстане ремонтируют автодороги.

Как передает пресс-служба АО "НК "КазАвтоЖол", продолжаются ремонтные работы на участке автодороги "Актобе-Карабутак". Протяженность участка составляет 202 км. Там проводятся работы по устройству выравнивающего слоя и ямочный ремонт.

В Жамбылской области проводят текущие ремонтные работы на участке автодороги "Тараз – Кайнар", км 274-275.

На участке автодороги А-16 "Жезказган – Петропавловск" км 686-706 также проводится средний ремонт.

Категория: 

В Казгидромете предупредили жителей Алматы и еще двух казахстанских городов.

"3 июля 2024 года неблагоприятные метеорологические условия загрязнения воздуха ожидаются в городах Актобе, Атырау, Алматы", - говорится в сообщении.

Неблагоприятные метеоусловия представляют собой сочетание краткосрочных метеорологических факторов (штиль, слабый ветер, туман, инверсия), которые способствуют накоплению вредных (загрязняющих) веществ в приземном слое атмосферного воздуха.

Категория: 
�����